Skip to main content

Speakers

Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы

Start

December 15, 2015, 14:00

Тәуелсіздік кез-келген халық үшін басты құндылық. Қазақ халқы азаттық жолында және тәуелсіздік үшін айбынды күрес жүргізді. Азаттық жолында соңғы 2-3 ғасыр ішінде қазақ халқы ірілі-ұсақты 300-ден астам азаттық көтерілістерін басынан өткерді. Үш ғасырға жуық армандаған тәуелсіздік 1991 жылы 16 желтоқсан күні қайтадан жарияланды. Басты құндылық болып табылатын тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқы өзінің тарихына қауышып, тіліне, дініне және діліне қайта оралды. Бұған қоса мемлекеттің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүр жандандырылды. Сондықтан Қазақ халқы тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтауға міндетті.
Еуразия ғылыми-зерттеу институты ретінде Түркия Республикасы Алматы Бас консулдығымен бірлесе отырып, Түркия мен Қазақстан түркілерінің құрған түрлі үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен Қазақстан тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік-басты құндылық» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияның ашылу рәсімінде Түркия Республикасы Алматы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз және Еуразия ғылыми зерттеу институтының директоры э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек мырза сөз сөйлейді. Конференцияда негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институты директорының кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі, ф.,ғ.,д., профессор Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы жасайды.