Skip to main content

Институт туралы

Алматы қаласындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институты Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филиалы болып табылады. Институттың мақсаты – Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр алқапты мекендеген Еуразия халықтарының, оның ішінде түркі жұрағатының тіліне, дініне, мәдениетіне, өнеріне, тарихына, білімі мен ғылымына, дүниетанымына, экономикасына және қаржы, энергетика, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, технология, әлеуметтану, саясаттану, археология, экология салаларындағы өзекті мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу, деректер жинақтау, ғылыми жобаларды әзірлеу және орындау, сондай-ақ осы өңірдің тарихи және мәдени жәдігерлерін қорғауға, бейбітшілігі мен ынтымақ-тастығын нығайтуға бағытталған маңызды стратегиялық ұсыныстар мен жобаларды дайындау және жүзеге асыру арқылы саяси және іскерлік ортадағы ықпалдастықты жандандыру.

Кітапхана