Skip to main content

Ұлтшыл Қозғалыс партиясы (ҰҚП) төрағасының орынбасары профессор, доктор Мехмет Гүнал, Мармара университетінің ректоры профессор, доктор Мехмет Эмин Арат және Теология факультетінің деканы профессор, доктор Али Көсе Қазақстанға сапары аясында Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының басшысымен кездесіп, институттың қызметтерімен танысты. Кездесуге сондай-ақ Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз қатысты. Кездесу барысында институт қызметі туралы презентация жасағаннан кейін э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек институттың Қожа Ахмет Ясауи университетінің мақсаты мен міндеті аясында қызмет атқарып жатқандығын, осыған байланысты Түркия-Қазақстан қарым-қатынастарын дамытуға үлес қосып, түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтарға байланысты ғылыми зерттеулер жұмыстарын жүргізіп, осы салалардағы түрлі жобаларға қолдау көрсетіп келе жатқандығын жеткізді.

Ұлтшыл Қозғалыс партиясы төрағасының орынбасары профессор, доктор Мехмет Гүнал институттың аймақ тұрғысынан ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты және ұйымдастырылған іс-шаралардың білікті сарапшылар тобының түрлі мәселелерді ауызекі талқылауына мүмкіндік беруі тұрғысынан маңызды екенін айтты. Мармара университетінің ректоры профессор, доктор Мехмет Эмин Арат университеттің тиісті кафедралары мен институт арасында түрлі мәселелер бойынша ақпарат алмасу мүмкіндігін тілге тиек етті.

 

Жуырда болатын іс-шаралар