Skip to main content

Анна Гусарова «Ресейдің Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жұмсақ күшке негізделген саясаты» атты семинарда жұмсақ күш ұғымы, Ресейдің жұмсақ күшке негізделген саясат ұғымын қалай түсінетіні және осы бағыт бойынша жасалған қадамдар туралы ақпарат ұсынды. 2008 жылы құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), шетелде тұратын отандастар істері және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі ресейлік федералдық агенттік (Ресей ынтымақтастығы) Ресейдің жұмсақ күшке негізделген стратегиясында пайдаланған негізгі институттардың бірі болып табылатынын мәлімдеді. Агенттіктің негізгі мақсаты халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты ынталандыру және қазіргі заманғы Ресейді әлемге жақсы жағынан таныту болып табылатынын айқындады. Агенттіктің 79 елде 95 кеңсесі, 72 ғылыми-мәдени орталығы және 21 елде Ресей елшілігі жанындағы 23 өкілдігі бар деп айтты. Агенттіктің дүние жүзі бойынша таралуына тоқталып өтіп, кеңселерінің көбінесе Еуропа мен оның айналасында орналасқанын, сондай-ақ Латын Америкасы, Солтүстік Америка, Африка және Азия құрлықтарында да кеңселерінің бар екенін атап өтті. Орталық Азияда Түркіменстаннан басқа барлық елдерде қызмет ететіндерін айтты.

Ресей ынтымақтастығының 2013 жылғы мәліметтері бойынша, агенттіктің бюджеті 2 миллиард рубльді құрайды және 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 9,5 миллиардқа дейін арттыру мақсаты көзделген. Ресейдің жұмсақ күшке негізделген саясаты тұрғысынан шетелдерде ресейлік ғылым, мәдениет және білімді насихаттау, орыс тілінің кең таралуына қолдау көрсету, шетелдегі отандастарға көмек беру және халықаралық даму бойынша көмек көрсету сияқты көптеген мақсаттарының бар екенін білдірді. Бұл тұрғыда «Орыс тілі» бағдарламасына 2016-2020 жылдары 7,5 млрд. рубль бөлінетінін айтты. Гусарова Ресейде білім беру туралы ақпарат беріп, 2015-2016 оқу жылында Ресейде барлығы 237,538 шетелдік студент білім алғанын, бұлардың ішінде ТМД елдерінің үлесі 79,2%, Қазақстанның үлесі 29%-ды құрағанын атап өтті. Ресейдің 2010-2016 жылдары Орталық Азия елдеріне 40,4 миллион долларлық гуманитарлық көмек көрсетілгенін және көп бөлігінің Қырғызстан мен Тәжікстанға жіберілгенін тілге тиек етті.

Ресейдің жұмсақ күш қолдану индексі бойынша жалпы рейтингіде 27-ші орында, халықаралық қатынастарға араласуда 8-ші орында, сандық техникада 11-ші орында және мәдениет саласында 14-ші орында тұрғанын мәлімдеді. Ресейдің жұмсақ күш қолдану саясатында Орталық Азия елдерін әбден лайық деп қабылдау көзқарасы қайтадан қаралуы тиіс деген пікірін білдірді. Ресейдің жұмсақ күшке негізделген саясат ұғымында тіл және мәдени құндылықтардың саяси шешімдерге байланысты пайдаланылуы Джозеф Найдың жұмсақ күш көздері ұғымына қарама-қарсы екенін және Най айтқандай марапаттау және жазалау әдісі жұмсақ күшке негізделген саясат ұғымында қолданылмайтынын айқындады. Баяндама соңында Ресейдің жұмсақ күшке негізделген саясаттың жаңа әдістерін ойлап табуда артта қалғанын және осы орайда Достоевский сынды атақты тұлғаларды жұмсақ күшке негізделген саясатта пайдалануға болатынын айтты.

Семинар соңында қатысушылар Ресейдің жұмсақ күшке негізделген саясаты бойынша пікір алмасты.

Жуырда болатын іс-шаралар