Skip to main content

Германияның Йена қаласында биыл отыз үшінші рет өткізілген және төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Deutscher Orientalistentag конференциясының басты тақырыбы «Азия, Африка және Еуропа» болды. Конференция шеңберінде өткен 97 отырысқа 900-ге жуық ғалым қатысты. Қатысушылар негізінен тарих, тіл білімі, көші-қон, археология және аймақтық зерттеулер саласындағы қазіргі заманғы және тарихи маңызы бар тақырыптармен қатар, Еуропадан Жапонияға дейін созылған аймақ, оның ішінде Таяу Шығыс аймағына қатысты түрлі тақырыптар бойынша баяндама жасады.

Конференцияға институтымыздың қолдауымен институт директорының орынбасары Женгизхан Жаналтай және ғылыми қызметкер Өмірбек Қанай қатысты. Женгизхан Жаналтай «Орталық Азия» отырысында «Қазақстан халқының құрылымы және жергілікті халық пен өз еліне оралған этникалық қазақтардың байланысы» тақырыбында баяндама жасады. Ал Өмірбек Қанай «Синология» отырысында «Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы» атты баяндама жасады. Конференция төрт күнге созылып, 22 қыркүйек күні аяқталды.

Жуырда болатын іс-шаралар