Skip to main content

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмермен кездесті. Сапар барысында доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмер институт мақсаты мен міндеті туралы мағлұмат берді, сондай-ақ институттың өз қызметін тиімді түрде жалғастыратынын айтып, алдағы кезеңде ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы хабардар етті. Ал Бас консул Рыза Қаған Йылмаз институт директоры доцент міндетін атқарушы, доктор Вакур Сүмерге жаңа қызметінде сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ екі елдің ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастығын дамыту маңызды екенін атап өтті және осыған байланысты институттың ғылыми зерттеулер арқылы Түркия мен Қазақстанның жетістігі үшін аянбай еңбек ететініне сенімін білдірді.