Skip to main content

Доцент, доктор Мехмет Арслан семинарда жалпы Кавказ аймағының географиялық анықтамасы, аймақтағы түрлі ұлттар арасындағы қарым-қатынастар және ортақ Кавказ мәдениет құрылымы туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды. Кавказ аймағын солтүстік және оңтүстік деп бөлген анықтамаларға қарсы болғанын, Әзірбайжан, Грузия және Арменияны қамтыған оңтүстік Кавказ аймағының Кавказға жатпай, Закавказье деп аталатынын тілге тиек етті. Кавказ аймағының Қара теңізден Каспий теңізіне дейінгі аймақты алып жатқанын және осы аймақта 70 түрлі этникалық топтың 1000 жыл бойы бірге өмір сүріп, ортақ мәдениет қалыптастырғанын ерекше атап өтті. Бұл ретте Кавказ аймағы шеңберінде қалыптасқан ортақ мәдениеттің шекарасын қарастыру қажеттігін атап өтті.

Аймақта тұратындар 3 түрлі дінге сеніп, 3 түрлі тілде сөйлесе де, ортақ гомогенді мәдениет қалыптастыруда ортақ тіл ретінде құмық тілінің орны ерекше екенін айтты. Бұл тілдің түрлі этникалық топтар арасында көпір қызметін атқарғанын айтты. Құмық тілінің түрік тіліне жақын екенін, шешендер мен абхаздардың тілдеріне құмық тілінен көптеген сөздердің кіргенін және әсіресе Дағыстанда әлі күнге дейін құмық тілінің қолданылатынын мәлімдеді. Аймақтағы түрлі этникалық топтардың құмық тілін ортақ тіл ретінде қолдануы нәтижесінде және қалыптастырған ортақ мәдениет арқасында көптеген жылдар бойы бір-бірімен тату-тәтті және бейбіт өмір сүріп жатқандарын айтты. Сондай-ақ, 1918-1922 жылдары Біріккен Кавказ республикасы құрылып, ресми тілінің құмық тілі болғанын атап өтті. Алайда, қазіргі уақытта аймақтағы этникалық топтар арасындағы қарым-қатынастарды қарастырғанда түрлі этникалық топтардың бір-бірін жек көретіндерін айтты. Бұның себептері ретінде XIX ғасырдан бастап орыс тілінің көпір тілі ретінде құмық тілінің орнына қолданылғанына қарамастан, оның орнын баса алмауын және қалыптастырылған ортақ Кавказ мәдениетінің әлсіреуін атап көрсетті.

Семинар жалғасында доктор Мехмет Арслан Кавказ аймағында тарихта орын алған қайғылы оқиғаларға да тоқталып өтті. Тарихи мәліметтерге сәйкес олардың ішіндегі ең үлкені 1817-1864 жылдар арасында болған Кавказ соғысы екенін атап өтті. Бұл соғыста 1,5 миллион адамның қаза тапқанын және түрлі этникалық топтардың өз жерін тастап, басқа елдерге қоныс аударғанын тілге тиек етті. Мысалы, ноғайлардың 80%-ы өз жерін тастап Осман империясына көшкені, сол сияқты адыгейлер, черкестер мен абхазиялылардың көп бөлігі өз жерінен кетіп Түркияға қоныстанғаны жайлы баяндады. Түркияға үлкен черкес көшінде тек черкездердің ғана емес, сондай-ақ түрлі этникалық топтардың да Түркияға қоныс аударғанын айтты.

«Бөл де басқар» саясаты нәтижесінде жасалған жасанды шекаралар мен бөлулерге байланысты этно-мәдени құрылымның бұзылғанын және аймақтағы мәселелердің де осыдан туындағанын айтты. Кавказ аймағындағы мәселелерді шешуде әуелі жасанды шекараларды алып тастау қажеттігін және аймақтағы этникалық топтардың ең алдымен өздерінің араларында келісімге келуін, содан кейін барып Мәскеумен қарым-қатынастарын дамытуы қажет екендігін атап өтіп, семинарды аяқтады.

Семинар соңында қатысушылар Кавказ аймағының этно-мәдени құрылымы туралы түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты.