Skip to main content
  • ҚР Президенті ОҚО-дағы алма өсіру технологиясымен танысты

    Қазақстан Президенті жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

    Сондай-ақ, Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінен хабардар болып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады.

    – Бұдан 10-15 жыл бұрын өзіміз осындай алуан түрлі өнім өндіреміз деп ойлап па едік? Ал бүгін ол шындыққа айналды, – деді Елбасы.

    Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған көпшілікке бақ-береке тілеп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізулеріне ниеттестігін білдірді.

    Толығырақ