Skip to main content
  • Қазақстандағы діни бірлестіктерді талдау

    02.09.2015 | Мақалалар | Дін | 885 Мейрамгул Исаева

    Бұл мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейінгі діни бірлестіктердің жалпы қызметіне талдау жасалынды. Мақалада тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мен соңғы жылдарындағы діни бірлестіктердің жалпы статистикалық мәліметтері көрсетілген және ол мәліметтерден еліміздегі діни сенімнің саналуындық құрылымын көруге болады. Тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш дін саласындағы құқықтық реттеулер 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңымен реттелді. Қоғамдағы жаңа өзгерістер, дін саласын реттеудің жаңа жолдары қажеттілігіне байланысты араға тоғыз жылдай уақыт салып 2011 жылы 11 қазанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заң негізіне сәйкес еліміздегі қызметін жүргізіп жатқан барлық діни бірлестіктер 2012 жылы 25 қазанына дейін қайта тіркеуден өткені мәлім. Діни бірлестіктерді қайта тіркеу нәтижесінде 17 конфессия, 3088 діни бірлестік тіркелді. Қайта тіркеу нәтижесінде діни бірлестіктердің саны 32% қысқарып, нәтижесінде басымдылық көрсеткішті ислам 72,2% және православие 9,1% құрады. Ал, 2015 жылдың қаңтарындағы мәліметке сәйкес 18 конфессия 3514 діни бірлестік бар екені мәлім. Мақалада тіркелген конфессиялардың жалпы тарихы мен Қазақстанға бұл діни сенімнің келу жолдары, жылдары және олардың діни бірлестіктерінің саны көрсетіледі. Сонымен қатар, діни бірлестіктердің қайта тіркеу кезінде қандай діни бірлестіктердің қысқарғаны, қайсысының көбейгендігі туралы сандық мәліметтер мен пайыздық көрсеткіштер келтіріледі. Мақаланың қорытынды бөлімінде Казақстанның көпэтникалық және көпконфессиялық құрылымына орай қоғамның дін саласында да шешілуі тиіс бірнеше мәселелер аталып өтіледі. Дін саласындағы қайта қаралуы тиіс деп танылғандар: діни бірлестіктерді тіркеудегі талаптарды күшейту; діни сауаттылықты арттыру; миссионерлік қызметтің қадағалануы керектігіне де мән беру қарастырылды. Елімізде дәстүрлі және дәстүрлі емес діндерден құралған діни бірлестіктер толерантты жағдайда өз қызметін жүргізіп жатқаны мәлім. Десек те жоғарыда аталып өткен кемшіліктердің алдын алу әбден қажет. Дін саласы қызметінің жүйеленуі қандай да бір мемлекеттегі бейбітшіліктің тұрақтылығы үшін өте тиімді.

    Тэгтар: Дін, Діни бірлестіктер, Діни сауаттылық, Қазақстан, Зайырлы мемлекет, Миссионерлік қызмет

Author

  • Ізденуші

    Мейрамгул Исаева

    Исаева Мейрамгул Ибадуллақызы 1977 жылы, 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан Облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1998 жылы «Ұлықбек» атындағы орта мектепті «алтын медальмен» бітірген.