Skip to main content

Жапонияның Орталық Азияға қатысты cтратегиялары

17.03.2016 | E-Бюллетень | Сыртқы саясат | 259 Талдыбаева Динара Айдарханқызы

Орталық Азияның геосаяси орналасуы және табиғи байлықтары әлемнің бірқатар елдерінің қызығушылығын тудырып, осы аймаққа қатысты арнайы саясаттар мен стратегиялар жүргізуіне себеп болуда. Сондай мемлекеттердің бірі Жапония елі болып табылады. Аймақ елдері алғаш тәуелсіздіктеріне қауышқан жылдары Жапонияның Орталық Азияға деген саясаты қазіргі кездегідей белсенді емес еді. Соңғы жылдары аймақтың тартымдылығы мен геосаяси орналасу жағдайының халықаралық аренада арта түсуі Жапонияның да осы аймаққа деген қызығушылығын арттыруда. Жалпы Жапонияның Орталық Азия аймағына қатысты саясаты аймақтың энергетикалық ресурстары Таяу Шығыс аймағына балама бола алатындығы дәлелденгеннен кейін, Жапонияның аймаққа қатысты экономикалық, саяси жəне қауіпсіздік салалары бойынша өз жобаларын ұсынуына жол ашты

Тэгтар: Сыртқы саясат, Жапония, Орталық Азия, Экономика

Author

  • Ізденуші

    Талдыбаева Динара Айдарханқызы

    1983 ж. ОҚО, Түркістан қаласында туылған. Бастауыш және орта мектепті Абай атындағы №31 орта мектепті 2000 жылы тәмамдап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика факультеті «Халықаралық қатынастар» мамандығына оқуға қабылданды.