Skip to main content
  • Экономикалық ынтымақтастық ұйымы: қазіргі ахуалы мен перспективалары

    18.03.2017 | E-Бюллетень | Экономика | 123 Özge Nur Öğütcü

     «Экономикалық ынтымақтастық ұйымы» (ЭЫҰ) 1985 жылы Түркия, Пəкістан жəне Иранның бірлескен күшімен аймақтық интеграцияны күшейтіп, одан əрі нығайту мақсатында құрылған аймақтық ұйым болып табылады. ЭЫҰ 1964 жылы құрылған «Аймақтық ынтымақтастық жəне даму ұйымының» мұрагері болып табылады, бірақ Ирандағы революциядан кейін ұйымның қызметі бəсеңдеді. Алайда 1985 жылы бұл үш ел аймақтық интеграцияның маңыздылығын түсініп, мақсаты мен міндеті аталмыш ұйымға ұқсас халықаралық ұйым құруға атсалысты. КСРО ыдырағаннан кейін 1992 жылы ЭЫҰ-ға тағы жаңа жеті мүше қосылды. Қазіргі таңда ұйымның он мүшесі бар. Олар: Түркия, Иран, Пəкістан, Əзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Ауғанстан. Қазіргі уақытта ЭЫҰ аймағы Еуропа мен Қытай арасындағы шекара ішінде орналасқан. 

    Тэгтар: ECO, Экономикалық Ынтымақтастық, Экономика

Author