Skip to main content
  • Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігі: басымдықтары жəне күтілетін нəтижелері

    05.05.2017 | E-Бюллетень | Халықаралық қатынастар | 92 Әбен Дәурен Әбенұлы

    2016 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасы 2017 жылдың қаңтар айынан бастау алған екі жылдық мерзімге Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Осы лайша, Қазақстан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты жауапкершілік жүктелген əлемдегі ең маңыз ды саяси органға сайланған алғашқы Орталық Азия мемлекеті болды. Сонымен қатар, Түркі тілдес елдері тұрғысынан аталмыш саяси органға 1951-1952, 1954-1955, 1961 жəне 2009-2010 жылдары аралығында сайланған Түркиядан кейінгі екінші мемлекет болып табылады. Осы орайда, Анкараның Қазақстан кандидатурасын қолдауда барлық күш жігерді салғанын атап өткен абзал. Астана БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мү шесі болу ниетін 2010 жылы жария етіп, БҰҰ-ға мүше елдердің қолдауын алу үшін ауқымды дипломатиялық науқан жүргізді. Қазақстанның кандидатурасы БҰҰ Бас Ас самблеясы тарапынан мақұлдануы негізінде Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен халықаралық қатынастардағы рөлінің артқандығының дəлелі екені сөзсіз.

    Тэгтар: Қазақстан, Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі

Author

  • Ізденуші

    Әбен Дәурен Әбенұлы

    Дәурен Әбен «Қайнар» университетінде (Алматы, Қазақстан) халықаралық қатынастар бойынша магистратурасын тәмамдаған және Монтерей халықаралық зерттеулер институтында (Калифорния, АҚШ) халықаралық саяси зерттеулер бойынша магистр дәрежесін иемденіп, таратпау зерттеулері, қақтығыс