Skip to main content

Қытай мен Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері арасындағы энергетикалық қатынастар

07.01.2016 | E-Бюллетень | Энергия | 220 Лидия Пархомчик

Қытай соңғы жылдары әлемдегі электр энергиясын ең көп тұтынатын елдері арасында алдыңғы қатарға шықты. 2000 жылы Қытайда электр энергиясын тұтыну мөлшері 1,470 миллион тонна көмір эквивалентіне тең келсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 4,260 миллион тонна көмір эквивалентіне дейін көтерілді. Осы жылы Қытай АҚШ-тан кейін әлемдегі электр энергиясын ең көп тұтынатын ел болып табылды. 2014 жылдың соңында жалпы энергия көздерін тұтынуда шамамен 66 пайызды құраған көмір, Қытайдың энергия көздерін тұтынуында әлі де үлкен үлеске
ие.Сонымен қатар, Қытай үкіметі қоршаған ортаға зияны аз, неғұрлым тиімді энергия жүйелерін құру мақсатында көмірдің орнына табиғи газ, мұнай жəәне қазып алынбайтын отындар қолданысын көздейтін саясат ұстана бастады. Осы саясат аясында мысалы, табиғи газдың жалпы энергия көзін тұтынудағы үлесі 2000 жылы 2,2 пайыздан 2014 жылы 6,2 пайызға өсті. Осы мерзім ішінде мұнайдың жалпы энергия көзін тұтынудағы үлесі 18 пайыз бен 19 пайыз төңірегінде өзгеріссіз қалған. Осылайша қарқынды өсіп келе жатқан мұнай мен табиғи газға деген сұраныс, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тиімді түрде қамтамасыз ету үшін шетелдерде энергия көздерін іздеуге деген сұранысты тудыруда. Мұнай және табиғи газ қорына бай Каспий теңізі аймағы маңызды шетелдік энергия көздерінің бірі болып табылады. Энергия көздеріне деген сұранысы жоғары Қытайдың Каспий теңізі аймағына басқа мемлекеттерден кеш келгеніне қарамастан, Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері болып табылатын Қазақстан және Түрікменстанмен энергетикалық ынтымақтастық саласы бойынша маңызды ілгері қадамдар жасап отыр.

Тэгтар: Каспий, Қытай, Энергетикалық ынтымақтастық, Қазақстан, Түркменстан

Author

  • Ізденуші

    Лидия Пархомчик

    Лидия Пархомчик Андрейқызы (әкесінің тегі Тимофеенко) 1984 жылы 9 ақпанда Татарстан Республикасының (Ресей Федерациясы) Зеленодольск қаласында дүниеге келеді. 1986 жылы қоныс аударғалы бері Қазақстан Республикасында тұрып жатыр.