Skip to main content
  • 2016 жылғы Өзбекстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан елдеріне еңбек мигранттарының ақша аударымдары: ағымдағы үрдістері мен перспективалары

    16.09.2016 | E-Бюллетень | Экономика | 372 Женгизхан Жаналтай

    Ресей Орталық Азиялық еңбек мигранттары үшін негізгі мақсаттағы ел болып табылады. Орталық Азия елдеріне еңбек мигранттары ақша аударымдарының 60 %-ның Ресейден келетінін ескере отырып, аймақ елдерінің Ресей экономикасына айтарлықтай дəрежеде тəуелді екенін айта аламыз. Сонымен қатар, Ресейден еңбек мигранттарының ақша аударымдары тəжік жəне қырғыз экономикалары үшін маңызды табыс көзі болып табылады. 2015 жылы Тəжікстанға еңбек мигранттары ақша аударымдары 7,8 млрд. долларды құраған, ЖІӨ-нің 28,8%-ына тең болды. Қырғызстан елінде Тəжікстанмен ұқсас жағдайда. Мысалы, елге жасалатын еңбек мигранттарының ақша аударымдары 2015 жылы 6,5 млрд. долларды құраған, ЖІӨ-нің 25%-ына жетті. Тəжікстан жəне Қырғызстанмен салыстырғанда Өзбекстанның əлдеқайда жақсы жағдайда екенін айтуға болады. Өзбекстанға еңбек мигранттарының ақша аударымдары 2015 жылы 66,7 млрд. доллар болған, ЖІӨ-нің тек 5%-ын құрады. Сондықтан Ресей экономикасының баяулауынан жəне мұнай бағасының күрт төмендеуі салдарынан 2014 жылы АҚШ долларына қатысты рубльдің айтарлықтай құнсыздануынан кейін Орталық Азияға еңбек мигранттары ақша аударымдарының азая бастауы таңқаларлық емес. 

    Тэгтар: Remittance, Орталық Азия, Экономика, Ресей

Author

  • Директор орынбасары

    Женгизхан Жаналтай

    Қазіргі таңда Женгизхан Жаналтай Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының ізденушісі болып жұмыс атқарады. Ол 2010 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесiн тамамдаған.