Skip to main content

2017 жылдың 2 сәуірінде өткен Армениядағы парламенттік сайлауды бағалау.

20.04.2017 | E-Бюллетень | Саясат | 18 Амирбек Айдарбек Ануарбекулы

2017 жылдың 2 сәуірінде Армения Ұлттық Мәжілісінің алтыншы шақырылымының сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша, 2 588 590 тіркелген сайлаушының 60,86%-ы, яғни 1 575 382 дауыс беруші сайлауға қатысып, Армения Республикалық партиясы 49,17% (771 247) дауыс жинап жеңіске жетті. 2015 жылдың 6 желтоқсанында референдум арқылы өзгертілген Конституцияның 89-шы бабына сәйкес Арменияның кем дегенде 101 депутаттан тұратын бір палаталы заң шығарушы органы бар. Арменияның сайлау кодексіне сәйкес депутаттыққа үміткерлерді саяси партиялар мен партиялық каолициялар ұсына алады.

Тэгтар: Армения, Парламенттік Сайлау, Саясат

Author

  • Директор орынбасары

    Амирбек Айдарбек Ануарбекулы

    Философия ғылымдарының докторы (PhD) Амирбек Айдарбек Ануарбекулы "Сельчук" университеті, "Экономика және басқару ғылымдары" факультетінің "Халықаралық қатынастар" бөлімін бітірді.

Жуырда болатын іс-шаралар