Skip to main content
  • Қырғызстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық: «Манас» әуе базасының жағдайы туралы

    28.01.2016 | E-Бюллетень | Қауіпсіздік | 295 Ақбота Ақылбаева

    Қырғызстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бастап осы күнге дейін ресми түрде сыртқы елдермен ашық қарым-қатынас орнатып келеді. 1990- жылдардың басында Орталық Азия елдерінің дипломатиялық тұрғыдан танылуы мен сол елдерде елшіліктердің ашылысымен  Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен Орталық Азия мемлекет-тері арасында қарым-қатынастардың негізі қаланды. 1993 жылы АҚШ пен Қырғызстан үкіметтері арасында жәрдемді жеңілдетуге қатысты ынтымақтас- тық орнату туралы келісім-шартқа қол қойылды. Аталған келісім-шартқа сай АҚШ Қырғызстанның өз тәуелсіздігін қорғауына, экономикалық дамуын қам-тамасыз етуге және демократияға негіз-делген басқару формасын қалыптастыруға көмекші болу мақсатында, ол елге қаржылай және гуманитарлық жәрдеммен өлімге жол ашпайтын жабдықтардан тұратын әскери көмек көрсетті. 1994 жылы Солтүстік Атлант келісім шарты ұйымының (НАТО) «Бейбітшілік үшін серіктестік» атты жобасына қосылған Қырғызстан қорғаныс, қауіпсіздік және азаматтық төтенше жағдайды жоспарлауда ынтымақтастық сияқты салаларда оқу-жаттығу жұмыстарына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасының мақсаты аймақта бейбітшілікке қарсы қауіптерді азайту және тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.

    Тэгтар: Қауіпсіздік, АҚШ, Manas, Қырғызстан

Author

  • Ақбота Ақылбаева

    Ақбота Ақылбаева Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер қызметін атқарады. Павлодар қазақ-түрік лицейін 2009 жылы тәмамдаған. Халықаралық экологиялық жобалар олимпиадасында қола медаль иегері атанған (Ыстамбұл 2008).