Skip to main content

Қызметкерлер

  • Директор

    Невзат Шимшек

    Невзат Шимшек 1994 жылы Анкара университеті, саясаттану факультетінің мемлекеттік басқару бөлімінде оқуын тамамдады. 1998 жылы «Бағалардың циклдық қылығын зерттеу: Түркияның үлгісі (1963-1995)» атты магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, Докуз Эйлюл университетінің әлеуметтік ғылымдар институтында экономика мамандығы бойынша оқуын сәтті тамамдайды. 2005 жылы «Түркия өнеркәсіп салаларының өзара саудасын саралау» атты PhD диссертацияны Докуз Эйлюл университеті, әлеуметтік ғылымдар институты, экономика бөлімінің қабырғасында қорғап шығады.

  • Директор орынбасары

    Амирбек Айдарбек Ануарбекулы

    Философия ғылымдарының докторы (PhD) Амирбек Айдарбек Ануарбекулы "Сельчук" университеті, "Экономика және басқару ғылымдары" факультетінің "Халықаралық қатынастар" бөлімін бітірді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Қазіргі таңда Қазақстан және Түркияның өзара қарым-қатынастарының негізгі басымдықтары" атты магистрлік диссертациясын қорғап, "Саясаттану магистрі" академиялық дәрежесін алды.

  • Шақырылған ғылыми зерттеуші

    Айча Шимшек

    1973 жылдың 13 қаңтарында Хайал Айча Шимшек ханым Түркияның Измир қаласында дүниеге келеді. Өзінің бастауыш білімін Карсияка мемлекеттік мектебінде алса, орта және жоғарғы сыныпты білімін Измир түрік лицейінде алады. 1995 жылы Докуз Эйлюл университетінің экономика және басқару факультетінің мемлекеттік қаржы бөлімінде оқуын тамамдап, 1996 жылы мемлекеттік қаржы бөлімінде ғылыми асситент ретінде қызмет ете бастайды. 1995 - 1997 жылдар аралығында магистрлік оқуын оқып, «Үкіметті шектеулер қоюшы баламалы қазыналық саясаттар» атты диссертацияны қорғап тамамдайды.

  • Ізденуші

    Лидия Пархомчик

    Лидия Пархомчик Андрейқызы (әкесінің тегі Тимофеенко) 1984 жылы 9 ақпанда Татарстан Республикасының (Ресей Федерациясы) Зеленодольск қаласында дүниеге келеді. 1986 жылы қоныс аударғалы бері Қазақстан Республикасында тұрып жатыр.

  • Ізденуші

    Еркін Байдаров

    Байдаров Еркін (01.08.1968) Ұлықбек атындағы Өзбекстан Мемлекеттік университетінде (қазіргі М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті) «Тарих» бөлімінде білім алған. Философия ғылымдарының кандидаты (PhD), Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері.

  • Ізденуші

    Гүлнар Надирова

    Надирова Гүлнар Ермұратқызы Ленинград мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген. 1990 жылы Мәскеу шығыстану институтында Алжир әдебиеті бойынша кандидаттық диссертация, ал 2006 жылы Ташкент шығыстану институтында қазіргі заманғы араб тілді Тунис әдебиеті бойынша докторлық диссертация қорғады, профессор.

  • Ізденуші

    Әбен Дәурен Әбенұлы

    Дәурен Әбен «Қайнар» университетінде (Алматы, Қазақстан) халықаралық қатынастар бойынша магистратурасын тәмамдаған және Монтерей халықаралық зерттеулер институтында (Калифорния, АҚШ) халықаралық саяси зерттеулер бойынша магистр дәрежесін иемденіп, таратпау зерттеулері, қақтығыстарды шешу және саудалық дипломатия бойынша сертификаттар алған. Бұдан бұрын ол Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде аға жоба менеджері және ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

  • Ізденуші

    Женгизхан Жаналтай

    Қазіргі таңда Женгизхан Жаналтай Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының ізденушісі болып жұмыс атқарады. Ол 2010 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесiн тамамдаған. Магистратурасын 2014 жылы КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар бөлімінде «Оралмандарың Қазақстан қоғамына интеграциясы: Түркия қазақтары» атты диссертациясыны қорғап тамамдайды.

  • Ізденуші

    Ажар Сериккалиева

  • Ізденуші

    Данияр Нурбаев

    Данияр Нурбаев Еуразия Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының ізденушісі болып жұмыс атқарады. Данияр, 2013 жылы Қазақстан-Британ Техникалық университетін бітіріп, «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие болды. Осыған қоса, 2015 жылы Қазақстан-Британ Техникалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды. 2014 жылы Ұлыбританиядағы University Campus Suffolk жоғарғы оқу орнында ғылыми жазғы курстарына қатысты.

Беттер

Жуырда болатын іс-шаралар