Skip to main content

Мұстафа Эрен

Мұстафа Эрен, 1970 жылы Гүмүшхане қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Кожаели Гөлжүк Имам-Хатиб лицейін, 1997 жылы Докуз Ейлүл университетінің Теология факультетін, ал 2001 жылы Докуз Ейлүл университеті, Әлеуметтік ғылымдар институтының философия  және дін ғылымдары саласында ״Философиялық мәселе бойынша Джон Хиктің діни плюрализмге көзқарасы״ атты диссертациясымен магистратура бағдарламасын тәмамдады.

2013 жылы Германияның Франкфурт қаласында, Джоан Уолфганг Гете университетінде философия саласындағы ״Die Diskussion über die zeitgenössische Globalethik im Kontext von Hans Küng und Ihwan as-safa״ тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғаған. 1995-2015 жылдар аралығында Діни істер басқармасының түрлі сатыларында ішкі және сыртқы қызметтерін атқарды. Мұстафа Ерен Кожаели университеті, Теология факультеті, философия және дін ғылымдары кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істеді. 2016 жылғы қазан айынан бастап Қожа Ахмет Ясауи университетінің Қаржы және даму істері жөніндегі ректор орынбасары (вице-президент) қызметіне тағайындалды. Араб тілі, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген Мұстафа Ерен үйленген және үш баланың әкесі.