Skip to main content
Директор

Невзат Шимшек

Невзат Шимшек 1994 жылы Анкара университеті, саясаттану факультетінің мемлекеттік басқару бөлімінде оқуын тамамдады. 1998 жылы «Бағалардың циклдық қылығын зерттеу: Түркияның үлгісі (1963-1995)» атты магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, Докуз Эйлюл университетінің әлеуметтік ғылымдар институтында экономика мамандығы бойынша оқуын сәтті тамамдайды. 2005 жылы «Түркия өнеркәсіп салаларының өзара саудасын саралау» атты PhD диссертацияны Докуз Эйлюл университеті, әлеуметтік ғылымдар институты, экономика бөлімінің қабырғасында қорғап шығады. Сол жылы өзінің жазған PhD диссертациясы Түркияның экономика қауымдастығының пікірі бойынша экономика саласына қатысты жазылған ең үздік PhD диссертациясы атты мәртебеге ие болады. Невзат Шимшек мырза халықаралық экономика саласы бойынша өзінің профессор деген академиялық атағын  2012 жылы алады.

Профессор Невзат Шимшек өзінің академиялық еңбек жолын 1995 жылы Докуз Эйлюл университетінің экономика және басқару факультетінің экономика бөлімінде ғылыми асситент қызметінен бастайды. 2003 жылдың шілде мен қараша айлардың аралығында Германияның Гисен қаласындағы Юстус Либих атындағы университетінің статистика мен эконометрика инстиутында өзінің PhD диссертациясына жазудағы қажетті ғылыми-зерттеулермен айналысады. 2010 жылдың шілдесі мен 2012 жылдың шілде уақыт аралығында әйгілі Оксфорд университетінің Энергетикалық зерттеулер институтында энергетикалық экономика саласы бойынша постдокторлық ғылыми еңбегі қатысты зертеулерді жүргзеді. Осы уақыт аралығында профессор Шимшек энергетикалық экономика саласына ерекше көңіл аударып, әлемнің мұнай шикізаты мен табиғи газ нарығы секілді тақырыпты терең қарастырады. Ол энергетикалық экономика, қалпына келетін және келмейтін энергия көздерін, соған байланысты қоршаған орта мәселелері, сыртқы сауда (жаңа сыртқы сауда теориялары, өнеркәсіп ішіндегі өзара сауда), бизнестің циклдық теориялары, халықаралық сауда мен қаржының макроэкономикалық аспектісі, дамыту жоспарлар мен саясат түрлерін, өнеркәсіпті реттеу және басқару саясаттары деген секілді тақырыптар бойынша бірнеше кітаптар мен мақалалардың авторы болып табылады.

2013 – 2014 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Даму және қаржы істері жөніндегі проректор қызметінде болды. Профессор Шимшек араб және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Ғылыми зерттеу салалары: Экономика, Energy Economics, International Economics, Business Cycle