Skip to main content
Ізденуші

Лидия Пархомчик

Лидия Пархомчик Андрейқызы (әкесінің тегі Тимофеенко) 1984 жылы 9 ақпанда Татарстан Республикасының (Ресей Федерациясы) Зеленодольск қаласында дүниеге келеді. 1986 жылы қоныс аударғалы бері Қазақстан Республикасында тұрып жатыр.

2001 жылы орта мектепті тамамдаған соң, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетіне түседі. 2006 жылы халықаралық қатынастар факультетінің күндізгі оқу бөліміндегі шет тілін қоса білетін саясаттанушы-сарапшы мамандығы бойынша оқуын сәтті бітіріп шығады. Сол кезден бастап ҚазХҚ және ӘТУ-нің халықаралық қатынастар кафедрасында оқытушы ретінде қызмет істеп, халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат тарихы мамандығы бойынша аспирантурага оқуға түседі (диссертацияның тақырыбы: Қазіргі әлемдегі ықпал аймақтары үшін күрес: Каспий аймағының негізіндегі үрдістерді сараптау).

2007 жылы ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қатарына ғылыми қызметкер ретінде алынады. 2011 жылы аға ғылыми қызметкер дәрежесіне дейін көтеріліп, 2014 жылдың шілде айына дейін сонда қызмет еткен. 2014 жылдың тамыз бен қазан айларының аралығында ҚР БҒМ Ғылыми Комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының құрамына алынады. 2014 қараша айынан бастап Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының қатарына қосылып, саясат, халықаралық қатынастар мен қауіпсіздік мәселелері бойынша зерттеу тобының зерттеушісі ретінде өзінің ғылыми еңбек жолын жалғастырады.

Осы уақытқа дейін өзінің белсеңді еңбек жолында 30-дан астам ғылыми-зерттеушілік мақалалардың авторы атанып, оларды қазақстандық (Analytic, Идеи, Казахстан-Спектр, Central Asia's Affairs) және шетелдік басылымдарға (Бұрынғы кеңестік кеңістіктің мәселелері, Үлкен ойын: Орталық Азиядағы саясат, бизнес және қауіпсіздік, Әлем және саясат, Каспий Жаршысы, Ресей және Еуразияның жаңа мемлекеттері) шығарады. Сонымен қатар, 10-ға жуық ұжымдық монографиялардың бірлескен авторы болып табылады.

Ғылыми зерттеу салалары: Каспий, Энергия, Энергетикалық қауіпсіздік

Соңғы еңбектерi