Skip to main content
Ізденуші

Мейрамгул Исаева

Исаева Мейрамгул Ибадуллақызы 1977 жылы, 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан Облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1998 жылы «Ұлықбек» атындағы орта мектепті «алтын медальмен» бітірген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің заң факультетінің құқықықтанушы мамандығын алып шыққан. Анкара Университетінің Мемлекеттік басқару (Түркия, Анкара қаласы) бөлімінде магистратурада оқыған. 2007-2009 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің саясаттану факультетінің магистратурасын «саясаттанушы» мамандығын алады. Диссертация тақырыбы: «Жаһандану процесіндегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты». Кызықтыратын тақырыптары: Жаһандану процесінің мемлекет қызметіне әсері; Дін және зайырлылық; Қоғамның таптық құрылымы; Азаматтық қоғам, Білім әлеуметтануы.

2007-2011 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Шет тілдер Университетінде және 2011-жылдан бүгінгі күнге дейін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде саясаттану және әлеуметтану пәндерінен оқытушылық қызметін атқарған. Отандық және шет елдік баспаларда жиырмаға жуық ғылыми мақалалары жарияланған. Қазiргi таңда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті жанындағы Еуразиялық ғылыми - зерттеу институтының ізденушісі болып жұмыс атқарады.

Ғылыми зерттеу салалары: Саясат, Қазақстан, Орталық Азия