Skip to main content

Ақбота Ақылбаева

Ақбота Ақылбаева Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер қызметін атқарады. Павлодар қазақ-түрік лицейін 2009 жылы тәмамдаған. Халықаралық экологиялық жобалар олимпиадасында қола медаль иегері атанған (Ыстамбұл 2008). 2014 жылы Таяу Шығыс техникалық университеті (ODTÜ/METU) саясаттану және әкімшілік басқару бөлімі бойынша бакалавр дәрежесін алған. Университет қабырғасында Түрік-жапон Орта Азия достық және ынтымақтастығы қоғамы “The Nippon” қорының шәкіртақысы иегері атанған. 2015 жылы Фатих университетінің Экономика, басқару және әлеуметтік ғылымдар факультетінің менеджмент бөлімін «Котон бөлшек сауда текстиль өндірісі және сауда» АҚ әкімшілік кадр бөлімін басқару» атты тақырыптағы магистрлік диссертациясын сәтті қорғады. Қазірті таңда Түркияға келген сириялық босқындар тақырыбы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зерттеу саласы: Еуразияда сыртқы саясат, қауіпсіздік, аймақтық ынтымақтастықтар және экономика.