Skip to main content
Ізденуші

Еркін Байдаров

Байдаров Еркін (01.08.1968) Ұлықбек атындағы Өзбекстан Мемлекеттік университетінде (қазіргі М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті) «Тарих» бөлімінде білім алған. Философия ғылымдарының кандидаты (PhD), Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері. Ресей философия қауымдастығы (2009 ж.бастап), Қазақстан саяси зерттеулер қоғамы (2011 ж.бастап), Ресей шығыстану академиясы (2014 ж.бастап) сынды ұлттық және халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. «Үлкен Алтай әлемі» халықаралық ғылыми журналының редакциялық алқа кеңесінің мүшесі. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Франция, Германия, Нидерланды және Иранның түрлі ғылыми журналдарында жарық көрген 120-дан астам ғылыми мақаланың авторы. Зерттеу саласы: жаһандану үдерісінің салдарынан мәдениет және өркениет саласында туған мәселелердің әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-философиялық қыры, дінтану, шығыстану тарихы, Орта Азия және Қазақстандағы этно-саяси және саяси үдерістердің философиясы мен әлеуметтануы. 2015 жылдың қазан айынан бастап Еуразия Ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқаруда.