Skip to main content
Ізденуші

Талдыбаева Динара Айдарханқызы

1983 ж. ОҚО, Түркістан қаласында туылған. Бастауыш және орта мектепті Абай атындағы №31 орта мектепті 2000 жылы тәмамдап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика факультеті «Халықаралық қатынастар» мамандығына оқуға қабылданды. 2004 жылы аталмыш бөлімді аяқтап, «Халықаралық қатынастар саласы маманы» деген біліктілік алды. 2005 жылы университеттің «Халықаралық қатынастар» кафедрасында лаборант қызметіне бастаған. 2006 ж. кафедрада оқытушылық қызметке бастады. 2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті Кеңесінің шәкіртақысымен Анкара қаласы Гази университетіне «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына қабылданып, 2012 «Түркі әлемінде интеграциялық процесс: Түркия-Қазақстан екіжақты қарым-қатынасының бұл процеске әсері» атты тақырыпта магистрлік диссертациясын қорғады. 2012 жылдың қыркүйегінде Ахмет Ясауи университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасында оқытушылық қызметін қайта жалғастырды. 2015 жылдың маусым айынан бастап Ахмет Ясауи университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институтында сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және қауіпсіздік саласы бойынша ізденуші қызметіне орналасты. Зерттеу тақырыптары: Орта Азия және Еуразия аймағында интеграция, түркітілдес мемлекеттердің интеграциясы, аймақтық қауіпсіздік

Ғылыми зерттеу салалары: Орта Азияда интеграция, Түркітілдес елдердің өзара интеграциялық байланыстары, Аймақтық қауіпсіздік