Skip to main content
Директор орынбасары

Амирбек Айдарбек Ануарбекулы

Философия ғылымдарының докторы (PhD) Амирбек Айдарбек Ануарбекулы "Сельчук" университеті, "Экономика және басқару ғылымдары" факультетінің "Халықаралық қатынастар" бөлімін бітірді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Қазіргі таңда Қазақстан және Түркияның өзара қарым-қатынастарының негізгі басымдықтары" атты магистрлік диссертациясын қорғап, "Саясаттану магистрі" академиялық дәрежесін алды. 2014 жылы "Суық соғыс дәуірінен кейін Түркия және Ресейдің таяу шетелдерге қатысты ұстанған сыртқы саясаттарының салыстырмалы анализі: Орталық Азия аймағы мысалы" атты докторлық диссертациясын "Гази" университетінің Әлеуметтік ғылымдар институты, Халықаралық қатынастар кафедрасының қабырғасында жоғары деңгейде қорғап шықты. Сыртқы саясат, қауіпсіздік, геосаясат, интеграция, халықаралық ұйымдар мен геоэкономика тақырыптары бойынша 4 ғылыми кітаптың және көптеген мақалалардың авторы болып табылады.

Ғылыми зерттеу салалары: Түркітілдес елдердің өзара интеграциялық байланыстары, Түркия және Ресейдің Орталық Азияға қатысты ұстанған сыртқы саясаттары, Орталық Азия аймағының қауіпсіздік мәселелері

Соңғы еңбектерi