Skip to main content
Ізденуші

Жандос Ранов

Философия ғылымдарының докторы (PhD) Жандос Ранов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Халықаралық қатынастар бөлімін бітірді. 2008 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Экономика бөлімінде магистр дәрежесін алды. Кейінірек сол университетте Есеп және аудит кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды. 2017 жылы Гази Университетінің Әлеуметтік ғылымдар институтында Қаржы бөлімі бойынша «Қазақстан мен Түркиядағы жергілікті биліктер: қаржылық тұрғыдан салыстырмалы талдау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап шықты. Жандос Ранов қазақстандық және халықаралық түрлі ғылыми журналдарда жарияланған 10-нан астам ғылыми еңбектің авторы және 1 монографияның бірлескен авторы болып табылады.