Skip to main content
Ізденуші

Әбен Дәурен Әбенұлы

Дәурен Әбен «Қайнар» университетінде (Алматы, Қазақстан) халықаралық қатынастар бойынша магистратурасын тәмамдаған және Монтерей халықаралық зерттеулер институтында (Калифорния, АҚШ) халықаралық саяси зерттеулер бойынша магистр дәрежесін иемденіп, таратпау зерттеулері, қақтығыстарды шешу және саудалық дипломатия бойынша сертификаттар алған. Бұдан бұрын ол Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде аға жоба менеджері және ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

2011-2014 жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды. 2008-2010 жж. Дәурен Әбен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Аккредиттеу және рейтинг қызметін басқарды. 2003-2009 жж. Монтерей институтының Джеймс Мартин атындағы Таратпау зерттеулері орталығының Алматыдағы кеңсесінде бағдарлама үйлестірушісі және атқарушы директор болып жұмыс істеп, сол орталықтың «Халықаралық экспорттық бақылау шолуы» атты айлық жаршысының редакторларының бірі болды.

Дәурен Әбеннің зерттеу саласына Орталық Азия мен Кавказдағы аймақтық қауіпсіздіктің әр түрлі мәселелері кіреді. Бұл оның бірқатар ғылыми жарияланымдарында көрініс тапты. Ол сондай-ақ Қазақстан Үкіметіне ядролық қаруды таратпау, ядролық қауіпсіздік және экспорттық бақылау мәселелері бойынша сарапшы ретінде кеңес береді.