Перейти к основному содержанию

Speakers

Жайлыбаев Дәулет

Начало

November 23, 2017, 15:00

Еуразия ғылыми зерттеу институтында 2017 жылы 23 қарашада Әлеуметтік және мәдени салалар бойынша ғылыми-зерттеу тобы аясында «Қазақстандағы түркі халықтарының этно-мәдени бағыт-бағдары: әзербайжандар мысалында» атты семинар өткізілмекші. Семинарды Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі Ғылым бөлімінің меңгерушісі Жайлыбаев Дәулет өткізеді.

Семинарда Қазақстандағы түркі халықтарының этно-мәдени бағыт-бағдарының қазіргі жағдайы мен көріністері және олардың Қазақстандағы ішкі мәдениет пен этникалық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы айтылып, қазақстандық әзербайжандар туралы жан-жақты мағлұмат берілумен қатар, Қазақстанның басты ішкі мәдени стратегиялық саясатының негізгі тетіктерін шешу бағытындағы түркі халықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.

Предстоящие события