Доктор, профессор Али Экбер Шахин, семинарын өзін қысқаша таныстырумен бастады. Жоғары білімін Хаджеттепе унивесритетінде, магистратураны ODTÜ (Таяу Шығыс техникалық университеті) университетінде, докторлық білімін АҚШ-та Аризона мемлекеттік университетінде тәмамдаған профессор Шахин, 1993 жылдан бастап Хаджеттепе университетінің оқытушысы және Педагогикалық ғылымдар институтының директоры қызметін атқаруда. Сонымен қатар, 2008 жылдан қазіргі күнге дейін ULAKBİM Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар деректер базасы комитетінің мүшесі, Ахмет Ясауи университетінің SSCI базасында таралатын «bilig» журналы редакция алқасының мүшесі және тағы басқа көптеген ұлттық және халықаралық журналдардың редакция алқасы мен комиссиясының мүшесі ретінде қызмет атқаруда.

Профессор Али Экбер Шахин, баяндамасында халықаралық индексті журналдардың жалпы түсіндірмесінен бастап, халықаралық индексті журналдар – ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен жаңа тәсілдерінің халықаралық деңгейде бөлісетін және пікір таластыратын кәсіби орта екенін атап өтті. Сондай-ақ, халықаралық индексті журналдардың сапасы сілтеме индекстеріне (Scientific Citation Indexes) қарай белгіленетінін айтты. Шахин, «bilig» журналының Түркияда алдыңғы қатарлы индексті журналдарының бірі екенін және ғылыми құрылымдық жұмыстары жағынан жоғары деңгейде екенін атап өтті. Мысал ретінде, Еуразия Ғылыми-зерттеу институты жариялай бастаған Eurasian Research Journal (ERJ) журналының белгілі академиялық стандарттарға қол жеткізуі үшін қандай шаралар атқарылуы керек деген сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітті.

Семинардың жалғасында ұлттық және халықаралық индекстер немесе тізімдердің рейтингінің белгіленуіне қатысты кеңінен тоқтаған Шахин, Түркиядағы TR индексі рейтингінің ұлттық бір рейтинг екенін және оған тек Түркиядан алынған ISSN нөміріне ие журналдар тіркеле алатынын айтты. Халықаралық индекстер арасында Thomson-нан Clarivate Analytics компаниясы алған SCI-Exp және SSCI индекстерінің сол қалпында өз жұмысын жалғастырып жатқанын және сол деңгейдегі рейтингке ие екенін де тілге тиек етті. Индекстер тізімінде сондай-ақ, Scopus (Elsevier) дерекқорының маңызы жоғары екенін баса айтты. Одан бөлек, мақала мен журналдардың қол жетімділігін қамтамасыз ететін көптеген дерекқорлар туралы жан-жақты мағлұмат беріп, дерекқор тізіміне ену оңай болғанымен, ол жердегі шарттарды толық орындау қиынға соғатынын айтты.

Ұлттық және халықаралық индекстердің миссиясын түсіндіріп өткен профессор Шахин, индекстердің қызмет бағыттары мен қызметтері туралы терең мағлұматтар беріп, индекстердің негізгі функциясы ғылыми журналдардың өнімділігіне қатысты мәліметтерді ұсыну екендігін атап өтті. Мысал ретінде, импакт факторы, Q мәні, дәйексөз талдау нәтижелері және т.б. мағлұматтарды осы индекстерден аңғаруға болатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек индекстер, ғалымдардың жұмыс өнімділігіне қатысты мәліметтерді де беретінін ескерткен Шахин, жарияланым түрлері мен Н индексін бағалауға қатысты жан-жақты мәліметтер берді. Бұларға қосымша баяндамашы, TR Индекс бойынша комитеттің бағалау критерийлері, комитет шешімдері, зерттеу жұмыстары және жариялау этикасының сақталуы, комиссия мүшелерінің бағалау жүйесі, редакторлық жүйе және ғылыми жазу критерийлері сияқты тақырыптар бойынша кеңінен мағлұмат берді.

Семинар соңында Еуразия Ғылыми-зерттеу институтының директоры доктор, доцент Вакур Сүмер, ERJ журналының құрылу кезеңдерінде кездескен мәселелерге тоқталып, журналдың қысқа мерзім ішінде халықаралық индексті базаларға еніп, тұрақты деңгейді сақтап қалуына қатысты көзқарастары мен пікірлерін білдірді. Ахмет Ясауи Университеті Өкілетті Кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз, баяндамашы профессор, доктор Али Шахин мырзаға құнды мәліметтермен бөліскені үшін институт атынан алғыс хатпен марапаттады.