Еуразия ғылыми-зерттеу институты (eurasian-research.org), Ахмет Яссауи атындағыУниверситеттің Алматыдағы филиалы университеттің бас ғимараты орналасқан Түркістан қаласында зерттеу тобын құрмақ. Зерттеу тобы бүкіл түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы мен облысының әлеуметтік-экономикалық, транспорт, технология, білім, мәдениет, өнер, тіл, дін, тарих және экология мәселелеріне қатысты зерттеулер жүргізіп, аймақтың дамуына және халықаралық аренада танылуына үлес қосады. Институт осы аталған салалар бойынша “Сарапшы” (Research Fellow) қызметіне мамандар қабылдайтынын хабарлайды.
Мерзімі: 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін
Негізгі талаптар: Үміткердің магистр дәрежесі болуы тиісті.
Толығырақ: “Сарапшы” қызметіне, әрі қарай жұмысын жалғастыру мүмкіншілігін ескертіп, бірлікке немесе 0,5 бірлікке мамандарды келісім-шарт бойынша 1 жылға қабылдайтынын хабарлайды. Қызметкер институттың атынан зерттеулер жүргізуі тиісті және нәтижелері жарияланып отыруы керек. Тақырып жобалары: Түркістан қаласы мен облысының әлеуметтік-экономикалық, транспорт, технология, білім, мәдениет, өнер, тіл, дін, тарих және экология мәселелерін қамтуы тиіс. Сарапшылар осы салалар бойынша зерттеулер жүргізіп, аймақтың дамуына және халықаралық аренада танылуына үлес қосуы тиіс.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Сарапшы Түркістан зерттеу тобы аясында Түркістан қаласында қызмет етеді, бірақ Алматы қаласындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтына тікелей тәуелді болады.
Экономика, қаржы және энергетика салаларында, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында магистр дәрежесіне ие болуы тиіс.
Ғылыми журналдарда жарияланған еңбектері болуы тиіс.
Академиялық және зерттеу жұмыстарын жақсы жазу дағдылары болуы тиіс.
Қазақ тілін еркін меңгеруі тиіс.
Кем дегенде бір шет тілін білуі тиіс. (ағылшын, түрік, орыс тілдерін білсе артықшылық болып саналады)
Түркістан аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсы білсе артықшылық саналады.
Үміткерлер төмендегі құжаттарды doc немесе pdf форматы бойынша мына электронды мекенжайға info@eurasian-research.org жіберуі керек.
a) Зерттеу саласында жұмыс істеу тәжірибеңізді сипаттайтын жолдама хат;
b)Жарияланған мақалаларыңыздың тізімімен қоса ағылшын тілінде жазылған түйіндемеңіз;
c) Магистратура дипломының көшірмесі;
d) Осы институтта іске асырмақ жоспар, ниеттеріңіз туралы ойларыңыз.