Конференцияны ұйымдастыруға ат салысқан Еуразия ғылыми-зерттеу институтына алғыс білдіре отырып сөз кезегін алған доцент, доктор Сэйфи Йылдырым конференция тақырыбының, әсіресе, тарихшылар үшін маңыздылығына тоқталды. Доцент, доктор Сэйфи Йылдырым, өз баяндамасында өзінің әрі тарихшы әрі мұрағатшы болғанын айтты.
Осман империясының барлық ұлттармен шын мәнінде бейбітшілік негізінде бірге өмір сүргенін және армяндарды да «адал ұлт» деп атағанын, сондай-ақ, 20 ғасырды қамтыған тұтас Империя тарихында армян ұлтынан көптеген генерал, министр, елші және университет оқытушылары шыққанын хабарлады. Бұл мәселені саясиландыруға да тырысқандар болғанан атап өткен Йылдырым, көптеген жазбаша құжаттар мен фотосуреттер арқылы 1915 оқиғасына байланысты тарихи шындықты айқындап, сөзде геноцид деп айыптаулардың негізсіз екенін көрсетті. Түркияның тұтас әлемге мұрағаттарын ашып бұл мәселеде сенімді екенін көрсеткенін айтқан Йылдырым, зерттеулер нәтижесінде негізінен аймақтағы түріктердің жаппай қырып-жойылып үлкен қасіретке душар болғаны анықталғанан баяндады. Өңірдегі көптеген тоқтық мазарларда да Түріктердің сүйегі табылғанын мәлімдеді.
Доцент, доктор Сэйфи Йылдырым конференциясына, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз да қатысқан еді. Конференция барысында, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Рыза Каған Йылмаз осы мәселе бойынша жарияланымдар көлемін ұлғайту қажеттігін атап өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сумер тақырып бойынша жарияланым санының жетіспеуін және институттың осы мәселе бойынша жас зерттеушілерге қаржылай қолдау көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ, Институттың осы бағыттағы жарияланымдарды көбейтетінін жеткізді.
Конференция сұрақ-жауап және талқылаумен жалғасты. Сонымен қатар, қатысушылар Армения мәселесі бойынша пікір алмасты. Армения мәселесі бойынша сұрақтарға доцент, доктор Сейфи Йылдырым жауап берді.
Конференция соңында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сумер семинарда бөліскен маңызды ақпараттары үшін доцент, доктор Сэйфи Йылдырымға ризашылығын білдіре отырып, Армения мәселесінің өткені мен бүгіні туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, доцент, доктор Вакур Сумер осы зерттеудің ауқымын кеңейту мақсатында Хажеттепе университетімен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.
Конференция соңында қатысушыларға сертификат табысталды.