2021 жылы 19 наурызында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Мимар Синан көркемөнер университеті Еуразия мәдениеті мен өнерін қолдану және зерттеу орталығы (AVRASKA) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп «Түрік әлеміндегі азаттық күресінің әдебиеттегі көшбасшылары: Мехмет Акиф Эрсой және Мағжан Жұмабаев» атты онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды.