September

September 24, 2020

2020 жылдың 24 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Насиба Джунаева «Түркі қоғамындағы әйелдердің рөлі және Шефика Гаспыралы» тақырыбында семинар өткізді.

Насиба Джунаева семинарында жалпы түркі қоғамындағы әйелдердің әлеуметтік және білім беру саласындағы рөліне қатысты өзгерістер түркі әлеміндегі реформалармен тұспа-тұс келгенін айта отырып, түркі қоғамындағы зиялы әйелдердің ең жарқын мысалдарының бірі Шефика Гаспыралының өмірі туралы ақпарат берді. Насиба Джунаева түркі әлеміндегі әйелдер мәселесін қарастырғанда бірінші кезекте ХХ ғасырдың басында Ресейдегі түркі […]
September 21, 2020

2020 жылдың 21 қыркүйегінде Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Экиджи Алматыға жұмыс сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Экиджи Алматыға жұмыс сапары аясында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Али Рыза Акынджы және консулдық қызметкерлерімен бірге Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды. Кездесу барысында институт директоры доцент, доктор Вакур Сүмер институттың Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мақсаты мен міндетіне […]
September 18, 2020

2020 жылдың 18 қыркүйегінде король Хуан Карлос университетінің заң профессоры және Панеуропаның бас хатшысы Карлос Уриарте Санчес «Орталық Азиядағы саяси процестерге еуропалық көзқарас» тақырыбында семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда профессор Карлос Уриарте Санчес Еуропа одағының (ЕО) Орталық Азиямен қарым-қатынастарының негізгі бағыттарына тоқталып өтіп, осы салада маңызды оқиғалар болып жатқанын мәлімдеді. Ол соңғы бірнеше жылда Орталық Азия аймағының Еуропа үшін маңызы едәуір артқанын тілге тиек етті. Еуропа кеңесі […]
September 10, 2020

2020 жылы 10 қыркүйекте Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Балжан Ешметова «Түркі жазба ескерткіштеріндегі әскери терминдер» тақырыбында семинар өткізді.

Балжан Ешметова семинарында көне Түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін әскери шендер мен атаулардың шығу тарихы мен бүгінгі күнгі қолданысы туралы баяндады. Баяндамашы Орхон-Енисей жазбаларынан мысалдар келтіре отырып, әскери терминдердің қалыптасуында белгілі жүйе бар екендігін және Түркі тілдерінде бұл сөздер кейбір фонетикалық өзгерістерге ұшыраса да әлі қолданыста екендігін айтты. Сонымен қатар, «Мәңгілік […]