19

March 19, 2021

2021 жылы 19 наурызында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Мимар Синан көркемөнер университеті Еуразия мәдениеті мен өнерін қолдану және зерттеу орталығы (AVRASKA) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп «Түрік әлеміндегі азаттық күресінің әдебиеттегі көшбасшылары: Мехмет Акиф Эрсой және Мағжан Жұмабаев» атты онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сумер, Мимар Синан көркемөнер университеті AVRASKA зерттеу орталығының директоры, профессор, т.ғ.д. Әбдуақап Қара, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, т.ғ.д. Данагүл Махат, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессоры, доктор […]