Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сүмердің модераторлығында өткен панельде Түркияның Энергетикалық стратегиясы мен саясатын зерттеу орталығының (TESPAM) төрағасы Огузхан Акйенер, Анкара Университеті Азия-Тынық мұхиты зерттеулерін қолдану және зерттеу орталығының (APAM) директоры, профессор доктор Мертхан Дүндар, Ибн Халдун университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті Әлеуметтану кафедрасының доценті, доктор Мехмет Өзай баяндамаларын ұсынды.
Панель APAM директоры, профессор доктор Мертхан Дүндардың баяндамасымен басталды. Дүндар Бирмалық жағдай туралы Түркиядағы зерттеулердің жоқтығы мен мамандардың жетіспеушілігі мәселесіне тоқтала отырып, сондықтан Бирмадағы төңкеріс елде онша аңыс қозғамағанын жеткізді. Алайда, ірі экономикалық державалар саналатын Қытай, Жапония, Корея сияқты елдермен қоса, аймақтағы басқа елдерге талдау жасай алатын адами әлеуеттің болғанын ескерді. Өзінің зерттеулері мен APAM-ның қызығушылығы аясындағы аймақтағы жаңалықтарды мұқият қадағалайтындықтарын айта келе, жаһандық актерлердің бұл мәселеге әр қырынан қарайтынын атап өтті. Қытайдың Бирмаға әсерін айта отырып, әскерилердің елдің сыртқы саясатында Қытайға жақын саясат жүргізетін үкімет құруына мүмкіндік беретін төңкерісін Қытайдың құптайтынын білдірді. Алайда ол бұл жағдайды АҚШ-тың қатал сынға алуы мен олардың төңкерісшілерге қарсы екендіктерін жариялауы және АҚШ-тың аймаққа ұшақ тасығыш кемесін жіберетіндігін мәлімдеуі шиеленісті күшейткендігінің белгісі ретінде қарастырды. Екінші жағынан, аймақтағы маңызды күш факторы болып табылатын Еуропалық Одақ, Жапония, Оңтүстік Корея және Австралия да оқиғаларға жағымсыз қарады. Ол АҚШ-тың бұл қадамымен Қытайдың Бирманы өзі үшін буферлік аймаққа айналдыру идеясының алдын алғысы келетінін баса айтты. Аун Сан Су Чии мен батысқа бет бұрып, көптеген марапаттарға ие болған Бирма басшысының барлық әрекеттеріне қарамастан әскери күштердің тарапынан ұзақ уақыт бойы үй қамағында болуына еш кедергі бола алмайтынын мәлімдеді. Аун Сан Су Чиидің профиліне қарасақ, оның билікке келгенге дейін либертариандық мәлімдемелер жасағанын және билікке келгеннен кейін де мұсылман халқына демократиялық Мьянма үкіметінің түсіністікпен қарайтыны жайлы мәлімдемесін білеміз. Екінші жағынан, қатаң басқару тәсілімен мұсылмандардың Аракан аймағынан Бангладешке қоныс аударуына себеп болуы Еуропа мен Американың көңілінен шықпағанын айтты. Еуропалық Одақ сияқты аймақтың маңызды күш факторы болып табылатын Австралияның Бирмадағы төңкеріске қанағаттанбайтыны белгілі болғанын баяндады.
Панельдің екінші баяндамасын TESPAM төрағасы Огузхан Акйенер жасады. Қытайдың энергиямен қамтамасыз етілуі, қажеттіліктері және болашақтағы болжамдары туралы әр түрлі ақпарат бере отырып, Бирманың энергиямен қамтамасыз ету дәліздері бойынша гео-стратегиялық тұрғыдан маңызды екенін баса айтты. Қытай өзінің энергетикалық қажеттіліктерінің басым көпшілігін теңіз арқылы қанағаттандыратынын және қазіргі уақытта Малакка бұғазы арқылы өтетіндігін айтқаннан кейін, бұл жерде бұзылған қандайда бір кеменің 2-3 апта ішінде жөнделмеуі де Қытай үшін энергиямен қамтамасыз ету тұрғысынан апатты жағдай екенін түсіндірді. Осы себепті ол Малаккаға балама жол ретінде Бирма өзінің порттары мен салынатын құбырларының арқасында аз да болса басқа бір нұсқа ұсына алатынын, сондықтан Бирма билігінінң Қытайды жақтауы мұндай жобалардың жеңіл жүзеге асуына мүмкіндік беретінін баяндады. Ол бұл төңкерісте Қытайдың аймақтық тепе-теңдік тұрғысынан үлесінің болғанын, сондай-ақ бұл үдерістің Қытай мүддесіне сәйкес келетіндігін мәлімдеді. Себебі 500 миллиард текше метрге жеткен жылдық газ тұтынуы мен отандық мұнай өндірісінің мұнайға деген үлкен қажеттілігін қанағаттандыра алмауы, Қытайдың айналасындағы елдердің газ және мұнай ресурстарына мұқтаж екенін дәлелдейді. Екінші жағынан, Бирманың бай су ресурстарына ие болуы тағы бір қызықты жағдай екенін мәлімдеді. Қытайдың аймақтағы бәсекелесі ретінде Үндістанның өсіп келе жатқан экономикасын қамтамасыз ету тұрғысынан энергия қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі әрекеттеріне тоқтала отырып, Бирманың да балама бола алатындығын, бірақ бұл елде Қытай сияқты саяси ықпал болмағандықтан, Қытайдан артта қалғанын атап өтті. Тағы бір жағынан, аймақта жұмыс істейтін энергетикалық алпауыттардың көпшілігі батыс елдерінің кәсіпорындары екенін және алдағы уақытта бұл қарым-қатынастың қалай дамитыны қызықтыратын мәселе екенін білдірді. Бирмаға Батыс елдерінің саяси санкциялар салуы немесе Қытайдың Бирма үкіметі арқылы осы шетелдік компанияларға қысым көрсетуі Батыс елдері үшін де, энергетика саласы бойынша да жағымсыз құбылыстар тудыруы мүмкін екенін айтты.
Панельдің үшінші баяндамасын Ибн Халдун университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті Әлеуметтану кафедрасының доценті, доктор Мехмет Өзай жүзеге асырды. Өзай бұл мәселенің әр түрлі жағынан қарастырылғанын және панельдің пайдалы екенін айтты. Елдің 70%-ын құрайтын Бирмада жүргізілген саяси қадамдарда Қытайдан басқа АҚШ, Жапония, Ресей және АСЕАН бағыттарын бағалау керек екенін баса айтты. Өйткені, әсіресе Қытай үшін стратегиялық географиялық орында орналасқан Бирма өзінің бай табиғи газ ресурстарымен Үндістанның да назарын аударатынын, ал АҚШ пен Жапония Бирмаға аймақтағы қытайлық мигранттардың көбеюіне байланысты назар аударатынын баяндады. АСЕАН-ға қатысты Бирманың 1997 жылы АСЕАН-ға мүше болғанын және 2015 жылға дейін Мьянмада маңызды демократиялық қадамдар мен өзгерістер болғанын мәлімдеді. АСЕАН ұйым ережелеріне сәйкес елдердің ішкі істеріне араласпау саясатына байланысты ешқандай пікір білдірмегенін атап өтті. Екінші жағынан, Бирма туралы әртүрлі ақпарат ұсынған Өзай, елде кедейліктің кең таралғанын, халықтың тек 40%-ы интернет сияқты қажетті байланыс құралдарына ие болғанын және осы себептерге байланысты төңкерістен кейін де бұл жағдайды білмейтін бирмалықтар бар екенін баяндады. Адамдардың өз тірліктерімен көбірек айналысуы олардың ұлы державалардың стратегиялық саяси ойындарына реакциясы өте әлсіз болуының басты себептерінің бірі екенін мәлімдеді. Төңкеріс әрекеттері елдің саяси мәдениетінде жиі болғанын айта келе, бұл төңкеріс елдің саяси тарихына өткен жылдардағы демократиялық серпілістердің әлі де тұрақты болып табылмағандығының көрсеткіші ретінде өткендігін баса айтты.
Панель соңы сұрақ-жауаппен жалғасып, қатысушылар әртүрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты. Панель модераторы, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер сөз соңында панельдің өте қанағаттанарлық және пайдалы болғандығын атап өтті.