Жоба жетекшісі: Октай Танрісеуер
Жұмыс орны: Таяушығыс техникалық университеті
Бұл жобаның негізгі тақырыбы – су, энергетика және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, халықаралық саясат пен халықаралық саяси экономика тұрғысынан Орталық Азиядағы гидроэнергетикалық сектордың қазіргі жағдайы талданады. Жобаның мақсаты – гидроэнергетика секторындағы қазіргі жағдайды, гидроэнергетика саласы бойынша талдау, оның дамуын зерттеу, қолда бар статистикалық деректер мен жазбаларды жинау, далалық зерттеулер жүргізу және аймақтағы ғалымдар мен саясаткерлер арасында ғылыми байланыс орнату. Сондай-ақ қазіргі аймақтық саяси және экономикалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу мақсатында аймақ үшін болашаққа және болашақта гидроэнергетикалық секторды дамытуға қатысты ұсыныстар беруге тырысады.