Профессор, доктор Ахмет Буран семинарды өзін таныстырудан бастап, 2003-2005 жылдар аралығында Қырғызстандағы Манас университетінде жұмыс істегенін айтты.

Профессор, доктор Ахмет Буран семинарында алдымен «түркітану» терминін түсіндіріп, бұл термин кең мағынада түркі халықтарына қатысты барлығын зерттейтін білім саласы, ал тар мағынада – түркі халықтарының тілдерін зерттейтін пән болып табылатынын айтты. Сол сияқты «түркі» сөзі де бүкіл түркі халықтарының түпкі болмысын білдіретінін атап өтіп, «түркі» ағашының бұтақтары әртүрлі және тәуелсіз болса да, түп тамыры бір екенін тілге тиек етті. Бұған қоса, Буран Орталық Азия жеріне келген кезде өзінің «түркі» екенін әлдеқайда тереңірек сезінетінін айтты.

Семинар жалғасында профессор, доктор Ахмет Буран 2017 жыл Түркияда «түрік тілі жылы» деп жарияланғанын еске салып, «Түркиядан тыс түркі әлемінің түркітанушылары» атты тақырыпта зерттеу жүргізе бастағанын айтты. Осы зерттеудің нәтижесінде Түркиядан тыс түркі әлеміндегі түркітанушылардың өмірбаяндары мен ғылыми зерттеулерінің жинағы жарияланғанын айтты. Осындай кешенді зерттеу жұмысында, барлығы 430 түркітанушының, соның ішінде 57 әзірбайжандық, 50 қазақстандық және 47 қырғызстандық ғалымның өмірбаяндары мен еңбектері қамтылғаны жөнінде айтылды. Профессор, доктор Ахмет Буран бұл кітапты жазу барысында түркі әлемінің үлкен кеңістігі мен алып жатқан территориясына байланысты біраз қиындықтарға тап болғанын, бірақ соған қарамастан бұл еңбекті сәтті жазып шыққанын айтты.

Семинар соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер профессор, доктор Ахмет Буранға құнды ақпарат бергені үшін алғыс айтып, институттың жаңа басылымдарын сыйға тартты.