2021 жылы 15 сәуірде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, доцент, доктор Суат Бейлур әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен өткен «COVID пандемиясы кезіндегі діни институттар мен тәжірибелер: қатерлер мен шешімдер» атты халықаралық конференцияда баяндама жасады.