f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›Ақпарат: табиғаты және технологияның артық салмағы

Ақпарат: табиғаты және технологияның артық салмағы

24 April 2019

Конференцияның алғы сөзін бастаған ҚазҰАУ-дің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді Әбжанов  университет оқытушылары және студенттерімен құнды ақпаратпен бөлісе келгені үшін профессор, доктор Мухиттин Шимшекке рахмет айтып, семинар тақырыбының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, бұл іс-шараны ұйымдастыруға ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сумер мырзаға алғысын білдірді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сумер мырза өз сөзінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығының директорына және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің басшылығына конференцияны ұйымдастыруға қосқан үлесі мен қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді.

Конференцияны ұйымдастыруға ат салысқан Еуразия ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ұлттық аграрлық университеті басшылығына алғыс білдіре отырып сөз кезегін алған профессор, доктор Мухиттин Шимшек конференция тақырыбының, әсіресе, жас ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды.

Профессор, доктор Мухиттин Шимшек биыл Түркияда 2019 жылдың профессор доктор Фуат Сезгин жылы ретінде жарияландығын және оның маңызды түрік ғалымдарының бірі болғандығын, сонымен қатар, осы жеке конференциясын Фуат Сезгинді еске алуға арнағанын айтты. Фуат Сезгин өмір бойы ғылым мен техника үшін зерттеулер жасаған үлгілі бір тұлға ретінде 70 жасына дейін 17 сағат жұмыс істегенін жеткізді. Профессор, доктор Шимшек бүгінгі ұрпақ үшін қарқынды дамып келе жатқан ғылым және технологиялармен жұмыс жасаудың маңызды екенін де еске салды.

Дегенмен, тек ақпаратқа ие болудың жеткіліксіз екендігін, сондай-ақ осы ақпараттың бір уақытта ұйымдастырылуы және өндіруге бағыттап дайындалуының маңызды екенін атап өтті. Бүгінгі таңда ғылым мен ғылыми қордың саудалануы болып жатқан уақытта білімнің технологияға айналуы адамзат тарихында өте маңызды прогресс екенін айтты. Профессор, доктор Шимшек, қазіргі кездегі ақпарат сұрыпталып ұқыпты қолданылмаған жағдайда ауаның ластануы, қоршаған ортаның ластану проблемалары сияқты білім мен технологияның артық салмақ алу мәселесі туындайтынын және төтенше әрі қажетсіз, кейде бұрыс ақпараттың адамдарды жұта алатындығын жеткізді. Сондай-ақ, ақпараттық бомбаланудан өзін қорғау үшін адамзат тарапынан шаралар қолданылу қажет екенін атап көрсетті.

Конференция сұрақ-жауап  және талқылаумен жалғасты. Әсіресе ғылымдағы прогресс ұлттардың тағдыры мен оның болашағына қалай әсер етуі мүмкін, ғылым мен техниканың дамуы отбасылық қатынастарға, сондай-ақ ата-аналардың балаларымен қатынастарына қандай проблемалар тудыруы мүмкін деген сұрақтарға профессор, доктор Шимшек мырза жауап берді.

Конференция соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сумер мырза Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқытушыларына Түркия мен Қазақстан арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін Түркия Оңтүстік Шығыс Анатолия жобасы (GAP) сияқты суару жобалары туралы айтып, Қазақстанда осындай жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен ғылыми жоба жұмыстарын жүргізуге шақырды. Конференция соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.
8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026