f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек Тұран университетінің ректоры және Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті э.ғ.д., профессор Рахман Алшановпен кездесті

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек Тұран университетінің ректоры және Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті э.ғ.д., профессор Рахман Алшановпен кездесті

12 April 2016

2016 жылдың 12 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек Тұран университетінің ректоры және Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті э.ғ.д., профессор Рахман Алшановпен жүздесті. Кездесу барысында э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек институттың Қожа Ахмет Ясауи университетінің филиалы болып табылғандығын және университеттің мақсаты мен міндеті аясында қызмет атқарып жатқандығын, осыған сәйкес негізінен Еуразия аймағына, оның ішінде түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтарға байланысты зерттеулер жасап, бұл салада түрлі іс-шараларды атқарғандығын айтты және жүзеге асырылған іс-шаралар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, симпозиумдар, конгрестер және семинарлар ұйымдастырып, апта сайын Еуразия аймағындағы өзекті мәселелер туралы үш тілде жарық көретін электрондық ақпараттық бюллетень мен басқа да басылымдарды жариялайтындығын атап өтті. Бұған қоса э.ғ.д., доцент Невзат Шимшек кездесу нәтижесінде болашақта өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат беріп, Қожа Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңес басқармасы тарапынан басып шығарылған «Ахмет Ясауи» атты кітапты ұсынды.

Тұран университетінің ректоры және Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті э.ғ.д., профессор Рахман Алшанов өз кезегінде екі жақты ынтымақтастықты дамытуға өте қуанышты болғандығын білдіріп, Туран университеті мен Жоғары оқу орындарының қауымдастығының қызметі туралы мағлұмат берді. Еуразия ғылыми-зерттеу институтымен бірге іс-шаралар өткізуге ниетін білдірді. Осы орайда екі институт ғалымдары мен мамандары бір-бірімен танысып, ғылыми зерттеу салаларында бірлескен жобалар мен жұмыстарды атқару қажеттігін атап өтті.  

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026