f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент доктор Невзат Шимшектің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Cтратегиялық зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Каринмен кездесуі

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент доктор Невзат Шимшектің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Cтратегиялық зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Каринмен кездесуі

24 September 2015

2015 жылдың 23 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент доктор Невзат Шимшек Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Каринмен кездесті. Кездесу барысында доцент доктор Невзат Шимшек институттың Ахмет Ясауи университетінің мақсаты шеңберінде жұмыс жасайтынын, Түркия-Қазақстан қатынастарының дамуына үлес қосуды және Түркі тілдес мемлекеттер арасындағы білім, ғылым және мәдени ынтымақтастықты нығайту мақсатында түрлі салада ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, осы мақсатқа бағытталған көптеген жобаларға қолдау көрсететіндігін мәлімдеді. Сонымен қатар, доцент доктор Невзат Шимшек институттың Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірігіп өткізуге жоспарлаған «Еуразия қысқы мектебі» жобасына тағы да тоқталып, университеттердегі магистранттар мен докторанттардың және зерттеу орталықтарындағы ғылыми қызметкерлердің қатыса алатындығын баяндады. Бұған қоса қысқы мектептің екі кезең бойынша өткізілетіндігін жеткізіп, аталған оқудың алғашқы кезеңі Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Еуразия аймағындағы геосаяси ахуалды терең зерттеген Түркиялық және басқа мемлекеттерден келген ғалымдардың дәріс жүргізетіндігін айтты. Ал екінші кезеңде практикалық тұрғыдан Қазақстанның сыртқы саясатын және қызметтерін көрсететін мемлекеттік құрылымдармен танысатындығын атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Карин Еуразия ғылыми-зерттеу институтымен екі тарапты ынтымақтастықтың орнығуына қуанышты екендігін айта келе, өз басшылығындағы институттың қызметі туралы мәлімет берді. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Орталық Азия аймағына баса назар аударып, қауіпсіздік, экономика, сыртқы саясат және геосаясаттың түрлі салдарын зерттеумен шұғылданатындығын мәлімдеді. Осы орайда жақында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қабырғасында басылып шыққан «Орталық Азия – 2020: төрт стратегиялық концепция» тақырыбындағы аналитикалық талдау еңбегі туралы баяндады. Сонымен қатар, саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Карин алдағы уақытта өткізілуі жоспарланып отырған «Еуразия қысқы мектебі» секілді жобалардың көбеюіне және осының нәтижесінде екі ел ғалымдары мен мамандарының бір-бірімен танысу арқылы бірлескен жоба мен еңбектерді дайындаудың маңыздылығын атап өтті.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026