f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›ІХ Құрышжанов оқулары: Ұлы Дала құндылықтары – Түркі әлемі жастарын біріктіруші фактор

ІХ Құрышжанов оқулары: Ұлы Дала құндылықтары – Түркі әлемі жастарын біріктіруші фактор

28 February 2019

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері түркітану ғылымының дамуына маңызды үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың түркітану бойынша көптеген маңызды жұмыстарға бастамашылық еткені белгілі. Қазақстанның осы мақсаты аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ынтымақтастығымен танымал түркітанушы ғалым профессор, доктор Әбжан Құрысжановты еске алу құрметіне «ІХ Құрышжанов оқулары: Ұлы Дала құндылықтары – Түркі әлемі жастарын біріктіруші фактор» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер конференцияда кіріспе сөз сөйлеп, институттың тарихы, мақсаты және ғылыми зерттеулері туралы ақпарат ұсынды және конференцияға келген қонақтар мен ғалымдарға институт туралы мағлұмат берді. Сонымен бірге, ол Ә. Құрысжановтың түркі әлеміне қатысты маңызды жұмыстарына тоқталып, конференцияға қатысушы ғалымдарға сәттілік тіледі.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тыныштық Ермекова Құрысжановтың еңбектеріндегі түркі бірлігіне назар аударудың маңыздылығын атап өтті. Түркі әлемінің ортақ тарихи қолжазбалары бойынша зерттеулер жүргізген Құрысжановтың бүгінгі таңда көптеген түркітанушы ғалымдарға жол сілтегенін тілге тиек етті.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен филология ғылымдарының докторы, профессор Балқия Қасым баяндамасында Құрысжановтың түркі әлемінің ұлы тұлғалары Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Йүгінеки және Қожа Ахмет Ясауидың әлемдік жауһарлар қатарында саналатын еңбектерін қазақ тіліне аударғанын, сондай-ақ қазақ тілінің тарихи мәселелері бойынша зерттеулер жүргізгенін мәлімдеді. Балқия Қасым ұстазы Әбжан Құрысжановтың ұсынысымен қыпшақ тілі саласында өзі де бірқатар зерттеулер жүргізгенін айтты.

Конференцияда, сондай-ақ, Қарағанды мемлекеттік университеті, Нийде Өмер Халисдемир университеті және Талғар қаласындағы №10 мектептен келген зерттеушілер де түркітану ғылымының әртүрлі салалары бойынша баяндама жасады.

Конференция соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер ғалымдарға конференцияда әсерлі баяндама жасағандары үшін алғыс айтып, қатысушыларға Еуразия ғылыми-зерттеу институтының кейбір жарияланымдарын сыйға тартты.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026