f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›1-ші қараша 2018 күні Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әсет Ордабаев «Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту: Орталық Азиядағы мүмкіндіктер мен қауіптер» атты семинар өткізді.

1-ші қараша 2018 күні Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әсет Ордабаев «Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту: Орталық Азиядағы мүмкіндіктер мен қауіптер» атты семинар өткізді.

1 November 2018

Ордабаев семинарында Еуразия аймағында орын алған оқиғаларға және Азия мен Еуропаны бір-біріне байланыстыратын жаңа көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және құруға қатысты үлкен өзгерістерге назар аударды. 2013 жылы басталған Қытайдың «Бір белдеу бір жол» жобасына бірте-бірте басқа елдер де қосыла бастағанын тілге тиек етті. Ордабаев Параг Ханнаның Азия континенті туралы дәлелдерін ескеру қажет екенін атап өтіп, жүзеге асырылайын деп жатқан көптеген көлік жобалары бар екенін мәлімдеді.

Семинарды жалғастыра келе, Ордабаев Орталық Азияның рөлі бұл инфрақұрылыммен қатар өзгергенін және жобалардың сәтті өтуі Еуразия құрлығының орталығы болып табылатын Орталық Азияға байланысты екенін атап өтті. Сондықтан Ордабаев Орталық Азияны Орталық Еуразия ретінде қабылдауды ұсынып, Азия мен Еуропаны байланыстыратын аймақ ретінде қарастыруға назар аударды. Сонымен қатар, осы өңірлерде орналасқан елдерде мүмкіндіктермен қатар, қауіптердің де туындап отырғанын тілге тиек етті.

Ордабаев мұхитқа шығар жолы жоқ елдердің мақсаты белгілі бір жолмен мұхитқа жол жеткізу екенін айтты. Алайда, аймақтан тыс акторлардың белсенді бола бастауы түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ордабаев Орталық Азияны сыртқы әлемге ашуға талпынған кейбір елдер шын мәнінде аймақты одан әрі оқшаулатуы мүмкін екенін айтып, қазіргі саяси және экономикалық жағдайды тоқырауға әкелгенін еске салды.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының зерттеушісі Ордабаев негізгі геосаяси қарама-қайшылықтар мен «Бір белдеу бір жол» бастамасын іске асыру жолында басқа да мүмкіндіктер мен қауіптердің бар екенін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар сұрақ-жауап бөліміне көшіп, аталған мәселелер бойынша пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026