f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›20.04.2019 жылы ТР Жастар және спорт министрі д-р Мехмет Мухаррем Касапоғлу делегациясы мен Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран, ТР Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык және ТР Алматыдағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз ЕҒЗИ қонақта болды

20.04.2019 жылы ТР Жастар және спорт министрі д-р Мехмет Мухаррем Касапоғлу делегациясы мен Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран, ТР Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык және ТР Алматыдағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз ЕҒЗИ қонақта болды

20 April 2019

Сапар барысында Касапоғлу мырза Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғимараты мен кітапханасын аралап, институт қызметкерлерімен танысты. Институт директоры, доцент, доктор Вакур Сумер Касапоғлу мырзаға және оның делегациясына институт қызметі туралы таныстырып, болашақта жоспарланған жақын және ұзақ мерзімді жоспарлар туралы баяндады.

Баяндама кезінде Вакур Сумер мырза Еуразия ғылыми-зерттеу институтының 2008 жылдан бастап дайындалып келе жатқан және бүкіл әлемдегі барлық зерттеу ұйымдарын түрлі критерийлерге сәйкес бағалап келген Жаһандық аналитикалық зерттеу ұйымының базасына енгендігін хабарлады. Ұйымның 2019 жылғы базасында  8000-нан астам зерттеу орталықтары сарапталып, тек қана ең сапалылары базаға ене алғандығын және әлемдегі зерттеу ұйымдарының орташа есеппен алғанда 98%-ы базаға ене алмағандығын атап айтты. Вакур Сумер мырза Институттың сонымен қатар бұл жылы «Әлеуметтік медианы ең үздік қолданған зерттеу ұйымы» және «Интернетті ең үздік қолданған зерттеу ұйымы» тізімдерінде орын алғандығын да баяндады.

Сұхбат кезінде Жастар және спорт министрі министрліктегі әртүрлі саладағы бөлімдер мен институт арасында ынтымақтастықты орнатуға болатынын айтты. Министрлік аясындағы Сыртқы қатынастар департаменті мен Халықаралық ұйымдар бөлімі сияқты көптеген бөлімшелерден мысал келтіре отырып, делегация құрамында болған Мәдениет және туризм министрлігінің Сыртқы байланыстар жөніндегі бас директоры Ахмет Али Темуржуны Институт қызметкерлерімен таныстырып, ынтымақтастық орнатуға кеңес берді. Бұдан сырт, Министрліктің академиялық бөлімдермен және жас ұрпақпен қарым-қатынастарды дамыту бағытындағы іс-шаралары туралы ақпарат берді. Осы бағытта Қазақстанда оқитын Түркиялық жастардың орыс және қазақ тілдерін үйренуі үшін Институт тарапынан қандай жағдайлар жасай алатындығы жайлы талқыланды. Министр Каспароғлу, 2019 жыл Түркияда «Еріктілік жылы» деп жарияланғандығын және осы бағыттағы ағымдағы іс-шараларға қысқаша шолу жасады. Кездесу өзара марапаттаумен аяқталды.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026