f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2016 жылдың 15 желтоқсанында Нархоз университетінің Сапаны қамтамасыз ету және стратегиялық талдау басқармасының сараптамашысы Данияр Қосназаров «2016 жылы Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық бағыттар» атты семинар өткізді.

2016 жылдың 15 желтоқсанында Нархоз университетінің Сапаны қамтамасыз ету және стратегиялық талдау басқармасының сараптамашысы Данияр Қосназаров «2016 жылы Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық бағыттар» атты семинар өткізді.

6 December 2016

Данияр Қосназаров семинарды Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаудан бастады. Қосназаров Орталық Азия аймағында АҚШ-тың ықпалының азаюына қарамастан, әлі де жалғасын тауып жатқанын тілге тиек етті. Семинар барысында Украина мәселесі, Батыстың Ресейге салған эмбарголардың әсері сияқты аймақ елдеріне қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, мұнай бағасының төмендеуінің Ресей мен Қазақстан экономикасына әсеріне қатысты өз пікірлерімен бөлісті. 2016 жылы бұл оқиғалардың ең маңызды үрдістердің қатарына енгенін атап өтті. Семинар жалғасында Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастар туралы ақпарат берді.

Данияр Қосназаров сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі динамикасы, аймақтың жалпы даму мәселелері бойынша сөз өрбітті. Өзбекстандағы президент сайлауы аймақтың болашағы үшін өте маңызды рөл атқарады деп атап көрсетті. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне келгенде, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен шекара мәселелерін шешу Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық тұрғысынан маңызды деп түйіндеді. Сонымен қатар, Ресей мен Қытайдың Орталық Азияда жүргізген саясаттары туралы кейбір келіспеушіліктердің болғанын атап өтті. Қытайдың аймақта жүргізген «жұмсақ күш қолдану» саясатының аймақта онша тиімді болмағанына назар аударып, мұның себебі ретінде халықтың әлі де Қытайға күмәнмен қарайтынын атап көрсетті.

Қазақстанға жасалған инвестициялар мен саяси тұрақтылық арасындағы байланысты талқылап, тақырып бойынша өз пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, аймақ елдерімен жақсы қарым-қатынастарда болған Түркия мен Ресей арасындағы шиеленісті еңсеруде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған рөлі аймақтық тұрақтылық тұрғысынан маңызды даму болып табылады деп пайымдады. Семинар соңында Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін 25 жыл ішінде әрі саяси, әрі экономикалық салада қиын сынақтардан өткенін мәлімдеді.

Семинар соңында қатысушылар 2016 жылы Орталық Азиядағы басты стратегиялық бағыттарды талқылап, осы мәселе бойынша пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026