f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2016 жылғы 29 желтоқсанда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Лидия Пархомчик «Каспий маңы елдерінің интеграциялық бастамалары: мәселелері мен перспективалары» деген тақырыпта семинар өткізді.

2016 жылғы 29 желтоқсанда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Лидия Пархомчик «Каспий маңы елдерінің интеграциялық бастамалары: мәселелері мен перспективалары» деген тақырыпта семинар өткізді.

29 December 2016

«Каспий маңы елдерінің интеграциялық бастамалары: мәселелері мен перспективалары» атты семинарында Лидия Пархомчик жалпы Каспий теңізінің мәртебесі, Каспий теңізінің қауіпсіздігі мен аймақтағы бес ел арасындағы саяси диалогтар мен жүзеге асыру барысындағы мәселелер бойынша толық ақпарат берді. Каспий теңізі елдерінің интеграциялық бастамаларының өте нашар дамып жатқанын айқындаған Лидия Пархомчик Каспий аймағының әрі аймақтық, әрі аймақтан тыс мемлекеттер үшін энергетика саласында маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Каспий аймағындағы мұнай-газ ресурстарының әлемдегі көмірсутегі қорларының үлкен үлесін құрайтынын атап өтіп, көптеген акторлардың бұл аймаққа деген қызығушылығының артып жатқанын мәлімдеді.

Аймақ елдерінің интеграциялық бастамаларының 2000 жж. басталғанын айқындаған Лидия Пархомчик сол кезеңде Каспий теңізі елдері арасындағы диалогтың сәтсіз өткенін және ынтымақтастық үдерісінің енді басталғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Каспий маңы елдері арасындағы екіжақты сауда қатынастары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ұсынды. Аймақтағы ең жоғары сауда айналымының Қазақстан мен Ресей арасында, ал ең төмен сауда көлемінің Әзірбайжан мен Түркіменстан арасында болғанын мәлімдеді. Баяндама барысында «Солтүстік-Оңтүстік дәлізі» мен Көлік және логистика орталығы жайлы егжей-тегжейлі ақпараттар бере отырып, Иран мен Әзірбайжан арасындағы «Решт-Астара» теміржолын салу жұмыстары мен 2017 жылы «Казвин-Решт» теміржолының пайдалануға берілетінін атап өтті. 2014 жылы өткен Астрахань Саммитінде Көлік және логистика орталығын құруды Түркіменстан басшысы Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың ұсынғанын айтқан Лидия Пархомчик Каспий теңізі аймағында жүк тасымалдау саласындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айқындап берді.

Сонымен қатар, Пархомчик Каспий теңізі аймағының қауіпсіздігі жайлы да ақпараттармен бөлісе отырып, аймақтағы мемлекеттердің «Каспий әскери-теңіз күштері» (CASFOR) атты халықаралық әскери-теңіз күштері тобы жобасы жайлы баяндады.

Семинар соңында қатысушылар Каспий маңы елдерінің интеграциялық бастамаларын талқылап, пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026