f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2017 жылдың 28 желтоқсанында Мугла университетінің оқытушылары профессор, доктор Али Акар және доцент, доктор Кенан Коч Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

2017 жылдың 28 желтоқсанында Мугла университетінің оқытушылары профессор, доктор Али Акар және доцент, доктор Кенан Коч Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

28 December 2017

Профессор, доктор Али Акар және доцент, доктор Кенан Кочтың Алматыға сапары аясында Институтымызда «Түрік тілінің тарихы» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған кездесу Акар мен Кочтың сөз сөйлеуімен жалғасты.

Коч өз сөзінде адамзаттың негізгі байланыс құралы болып табылатын тілдің әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени және басқа да көптеген салаларда қоғамдарды іштен біріктіретін және қоғам ретінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін негізгі құралдардың бірі екенін атап өтті. Коч тарихта әрбір қауымдастықтың өз тілінің болғандығын және кейбіреулері уақыт өте келе ұмытылғанына қарамастан, бүгінгі әлемде 3000-нан астам тілдің бар екендігін айтты.

Профессор, доктор Али Акар өз сөзінде «Түрік тілінің тарихы» атты кітапта қарастырылған кезеңнің тарихы мен географиясы туралы жалпы және негізгі ақпарат беріп, сол кезде жарыққа шыққан негізгі туындыларға тоқталып өтті және оларға қатысты жасалған ғылыми зерттеулердің библиографиялық мәліметтерін ортаға салды. Акар түрік тілі сияқты тамыры терең, әрі осыншалық үлкен географиялық аймаққа таралған тілдердің өте аз екендігін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінің жалғасында тіліміздің негізгі тарихы мен грамматикасын жазу үшін әуелі жазба тіліне айналған тілдердің негізгі көздерін анықтап, оларға қатысты жасалған ғылыми жұмыстарды біріктіру қажеттігін тілге тиек етті. Ол кітаптың мақсаты тіліміздің тарихи кезеңдерін таныстырып, сол кезеңдерде жазылған туындылар мен оларға қатысты ғылыми зерттеулер туралы жалпы ақпарат беру екенін түсіндірді. Профессор Акар «Бұл кітап Түрік тілі мен әдебиеті», Қазіргі түрік тілі мен әдебиеті және Түрік тілін оқыту бөлімдерінде оқытылатын Түрік тілінің тарихы бойынша курстарға арналған болса да, Түркітану жайлы жалпы ақпарат алғысы келетіндер үшін де пайдалы” деді.

Кездесу соңында профессор, доктор Али Акар және доцент, доктор Кенан Коч Қазақстанның латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылдағаны түрік тілдерін бір-бірімен жақындастыра түсу үшін өте пайдалы екенін айтты және институтымыздың жұмысына табыс тіледі.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026