f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2017 жылдың 30 қарашасында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Өмірбек Қанай «Қытайдың сыртқы саясатындағы Орталық Азия» атты семинар өткізді.

2017 жылдың 30 қарашасында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Өмірбек Қанай «Қытайдың сыртқы саясатындағы Орталық Азия» атты семинар өткізді.

30 November 2017

Өмірбек Қанай өз семинарында Орталық Азия аймағының Қытай үшін геостратегиялық және геосаяси маңызын зерттеп, Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясатының қазіргі ахуалы, Қытай мен Орталық Азияның сауда-экономикалық қатынастары және Қытайдың Орталық Азияда жұмсақ күшке негізделген саясаты жөнінде түрлі ақпарат берді. Жібек жолы бойында орналасқан және жерасты ресурстарына бай Орталық Азия аймағының Қытай үшін әскери қауіпсіздік, энергетика, экономикалық даму және геосаяси мүдделері тұрғысынан өте маңызды екенін айқындады. Сондай-ақ, Қытайдың Орталық Азиядағы қазіргі сыртқы саясаты Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін үлкен маңызға ие болғанын атап өтті. Өмірбек Қанай 1992 жылдан бері Орталық Азия елдерімен саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды кеңейте бастаған Қытайдың Орталық Азиядағы саясатын үш негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болатынын айтты. 1992-2001 жылдар аралығындағы бастапқы кезеңде реформалау мен сыртқа ашылу үдерісіндегі Қытайдың барған сайын арта бастаған энергетикалық және экономикалық қажеттіліктері елдің Орталық Азиядағы саясатының айқындаушы факторлары болып табылатынын және осы кезеңде Пекин үкіметінің Орталық Азия бойынша қажетті стратегиялық шараларды қабылдауға көмектесетін тетіктерді құруға тырысқанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, бұның белгілі бір деңгейде Қытайдың Орталық Азиядағы саясатының ғылыми инфрақұрылымын қалыптастырғанын айтты. Мысалы, бүгінгі таңда Қытайда Орталық Азия бойынша зерттеулер жүргізетін 38 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталықтың бар екенін мәлімдеді. 2001 жылы Пекин үкіметінің басшылығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) құрылуы арқылы Қытайдың Орталық Азия саясатында жаңа кезеңнің басталғанын айтты. 2013 жылға дейін созылған бұл кезеңде Қытайдың ШЫҰ аясында Орталық Азия елдерімен мәдени және әскери ынтымақтастықты күшейткенін, сондай-ақ аймаққа инвестицияларды ұлғайтқанын ерекше атап өтті. Ал 2013 жылы Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы күн тәртібіне енгеннен кейін елдің Орталық Азия саясатында жаңа кезеңге өткенін, сондай-ақ соңғы жылдары Қытай мен Орталық Азия елдерінің экономикалық қарым-қатынастарының нығая түскенін мәлімдеді. Бұған қоса, Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығында экономикалық байланыстардың энергетика саласында шоғырланғанын атап өтті. Бұның негізгі себептері – біріншіден, Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейін мұнай-газ экспортына негізделген экономикалық өсуі, екіншіден, 1990-шы жылдардан кейін Қытайдың экономикалық өсуіне байланысты энергия тұтынуының жылдам артуы.

Семинар барысында жалпы мемлекеттің имиджі тұрғысынан аймақтағы басқа алып елдерге, әсіресе Ресейге қарағанда әлдеқайда төмен дәрежеге ие болған Қытайдың аймақ елдерімен дипломатиялық және мәдени байланыстарды дамытуға, өзін мәдени жағынан танытуға және аймақтағы жұмсақ күшке негізделген саясатын арттыруға тырысқанын тілге тиек етті. Осы орайда Қытайдың аймақтағы конфуциандық институттар мен Қытай мәдени орталықтарының қызметін күшейткенін және аймақтағы жастарға бөлінетін Қытай Үкіметі стипендияларының санын да арттырып жатқанын атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар Қытай мен Орталық Азия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстар туралы пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.
8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026