f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2017 жылы 10 ақпанда Докуз Эйлюль университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультеті Қаржы кафедрасының меңгерушісі профессор, доктор Камиль Тюген «Гендерлік бюджеттеу: әр түрлі ел мысалдары» атты семинар өткізді.

2017 жылы 10 ақпанда Докуз Эйлюль университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультеті Қаржы кафедрасының меңгерушісі профессор, доктор Камиль Тюген «Гендерлік бюджеттеу: әр түрлі ел мысалдары» атты семинар өткізді.

12 February 2017

Профессор, доктор Камиль Тюген «Гендерлік бюджеттеу: әр түрлі ел мысалдары» атты семинарда ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік пен мемлекеттiк бюджетте теңсіздікті жою үшін іске асырылатын іс-шаралар жайлы ақпарат берді. Мемлекеттік бюджеттің халықтан жиналған салықтан құралатынын және бұл ресурстарды дұрыс бөлу қажеттігін атап өтті. Кейбір елдерде мемлекеттік бюджет туралы заңға жыныстар арасындағы теңсіздікті жоюға бағытталған барлық іс-шаралар туралы есептердің қоса тіркелетінін айтты. Бүгінгі күні көптеген елдерде ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздікте әйелдердің құқықтарына мән берілмегендіктен гендерлік бюджеттеуде әйелдердің құқықтарын қорғайтын түсініктің бірінші кезекке шыққанын және 1980 жылдардан бері бұл мәселеге қатысты зерттеулердің арта бастағанын қоса айтты.

Ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік мәселесінде әйелдердің ерлерге қарағанда азырақ жалақы алатынын және азырақ меншік құқығына ие екенін айтты. Халықаралық конференциялардың бұл мәселеге назар аудару мақсатында қарқынды жұмыстар атқарып жатқанын айтты. Ұйымдастырылған конференциялардың арқасында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық институттардың мәселеге деген қызығушылығының арта түскенін тілге тиек етті. Еуропалық одақ комиссиясының 2005 жылы гендерлік бюджеттеу және теңсіздікті жою шараларын қабылдау қажеттілігінің талқылағанын айқындады.

Гендерлік бюджеттеудің алғаш рет Австралияда жүзеге асырылғанын және Англия мен Францияда ұқсас әрекеттердің жүзеге асырылғанын айтты. 195 елдің 50-інде осы сала бойынша түрлі жұмыстардың белсенді түрде атқарылып жатқанын және кейбір елдерде Әйелдер министрлігінің құрыла бастағанын атап өтті. Қазақстанда Мәдениет министрлігі, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша жұмыстар атқарып жатқанын тілге тиек етті. Ал Түркияда 2013 жылдан бұрын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде Ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктері жөнінде комиссияның құрылғанын атап көрсетті. Сонымен қатар, бұл мәселеге Отбасы және әлеуметтік саясат министрлігінің қызығушылық танытқанын айтып, гендерлік бюджеттеуді жүзеге асыратын кейбір жергілікті мемлекеттік органдар туралы мәліметтер бере отырып, өз сөзін аяқтады.

Семинар соңында қатысушылар түрлі елдердегі гендерлік бюджеттеудің іске асырылуы туралы пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026