f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2017 жылғы 26 қаңтарда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Қанат Маханов «Қазақстанда экономиканы әртараптандыру саясаты» атты семинар өткізді.

2017 жылғы 26 қаңтарда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Қанат Маханов «Қазақстанда экономиканы әртараптандыру саясаты» атты семинар өткізді.

27 January 2017

Қанат Маханов жалпы Қазақстан экономикасы мен өндіріс секторының құрылымы және «Голланд ауруының» Қазақстан экономикасына тигізген әсеріне тоқталып өтті. 2000-2015 жылдар аралығындағы Қазақстанның экономикалық құрылымын қарастырып, қызмет көрсету саласы үлесінің жылдан жылға артқанын және аграрлық сектор үлесінің азайғанын атап өтті. Басқа секторларға тоқтала келе, құрылыс секторы үлесінің артып, өнеркәсіп секторында елеулі өзгерістердің болмағанын айтты. Өнеркәсіп секторының құрылымы жайлы баяндап, 1991-2015 жылдар арасында өндіріс секторы үлесінің 83,4%-дан 40%-ға дейін төмендегенін және дәл сол кезеңде тау-кен секторы үлесінің 10,3%-дан 50,4%-ға дейін артқанын айтты. Сондай-ақ, 2015 жылы өндіріс секторы үлесінің 32,9%-дан 40%-ға дейін өскенін мәлімдеді.

Семинар жалғасында тау-кен және өндіріс секторларындағы фирмалардың саны мен қызметкерлердің санындағы өзгерістерді жылдар бойынша салыстырып, «Голланд ауруының» осы өзгерістерге әсері туралы өз пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, өндіріс және тау-кен секторларының нақты өсу қарқыны туралы ақпарат ұсынды. «Голланд ауруының» саудаға әсеріне тоқталып өтіп, 1999-2013 жылдары Қазақстанның экспортты әртараптандыру индексінің 0,82-ден 0,74-ке дейін төмендегенін атап өтті. Сонымен қатар, секторларға берілген банк несиелерінде 1997-2008 жылдары құрылыс саласы үлесінің тез өсіп, 3,9%-дан 19,6%-ға дейін артқанын, ал сол кезеңде өнеркәсіп саласына берілген несиелер үлесінің 34,5%-дан 10,2%-ға дейін төмендегенін айтты. Алайда, 2009-2015 жылдары бұл жағдай өзгеріп, өндіріс секторына берілген несиелердің үлесі 9,6%-дан 13,4%-ға дейін артты, ал құрылыс саласының үлесі 18,8%-дан 7,8%-ға дейін төмендеді деп айқындады.

Өндіріс секторының 1991-2015 жылдар кезеңіндегі құрылымын қарастырып, азық-түлік, тоқыма және негізгі металл бұйымдары басым болғанын мәлімдеді. Алайда, жылдан жылға тоқыма және азық-түлік тауарлары үлесінің айтарлықтай төмендегенін және негізгі металл бұйымдары үлесінің екі есе дерлік артып, 2015 жылы 35,8%-ға дейін өскенін айтты. Қазақстандық өнеркәсіпті дамыту мақсатында екі маңызды мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Олар: Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламалардың негізгі мақсатының Қазақстанның өнеркәсібін әртараптандыру және өндіріс секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру екенін атап өтті. Алғашқы бағдарламаның ойлаған нәтижеге қол жеткізе алмағанын, алайда екінші бағдарламаның көптеген мақсаттарға жетіп, 2019 жылға дейін бүкіл көзделген мақсаттарға жететінін мәлімдеді.

Семинар соңында қатысушылар «Голланд ауруы» және Қазақстан экономикасына әсері туралы пікір алмасты. 

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.
8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026